Ұлттық арна "Жақсылық" көркем фильмін көрсетеді

Malim Админ

  • 02.08.2020

Бүгін сағат 19:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бүгін ғана бұ дүниеден өткен Жақсылық Үшкемпіров туралы «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген фильм Токио Олимпиадасы қарсаңында елде және шет мемлекеттерде де көрсетіледі деп жоспарланған. Алайда әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты кинотеатрлардағы көрсетілімі кейінге шегеріліп келді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ҚР мәдениет және спорт министрлігіне көркем туындыны телекөрерменге ұсыну құқығын бергені үшін алғыс білдіреді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұдан бөлек бүгін Жақсылық Үшкемпіровтың қатысуымен түсіріліп, бейнеқорда сақталған «Келбет», «Дара жол», «Сен де бір кірпіш дүниеге...» хабарларын ұсынады

фото. aikyn.kz сайтынан

Байланысты жаналықтар

«Жекпе-жек» сарайына Үшкемпіровтың аты беріле ме?

07.09.2020

Жақсылық Үшкемпіровтің бір арманы орындалды

29.09.2020
MalimBlocks
«Жекпе-жек» сарайына Үшкемпіровтың аты беріле ме?

Жақсылық Үшкемпіровтің бір арманы орындалды