Даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіров

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. 2020 жылы Алматыда қайтыс болды. Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы, I дәрежедегі «Құрмет» және «Барыс» орденінің иегері.

Malim Админ

  • 03.09.2024

Спортшының әкесі – Үшкемпір есепші болып еңбек еткен, өте еңбекқор, барша жанға тірек бола білген жан. Анасы – Күнтөре үй шаруасындағы әйел болған. Отбасында Жақсылықтан бөлек тағы екі әпкесі болды. Әкесі жалғыз ұлына ерте тұруды, еңбектенуді, жауапкершілік ала білуді үйретіп, қатаң талап қою арқылы өсірді. Мектепте жүргенде білекті бозбала қазақтың ұлттық күресімен айналысқан. Кейін бокс жаттығуларын қосты. Мектепті бітіргеннен кейін Семейдегі зооветеринарлық институттың зоотехникалық факультетіне оқуға түсті.

Ол кездейсоқ палуан атанған. Шаңғыдан жолдама ала алмаған ол мұғалімнің қалауымен еркін күрестен жарсықа қатысып, жеңіске жетті. Сол кезде ол еркін күрес жаттығуларына қатыса бастады. 2 жылдан кейін Үшкемпіров Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті.

Бірақ ұлттық құраманың бас бапкерінің нұсқауымен ол әрі қарай өте алмады, осылайша оның бұл тәртіптен көңілі қалды. Дегенмен спортты тастамай, классикалық (грек-рим) күреспен айналыса бастады. Спорттағы мансабын жалғастыру үшін Алматыға қоныс аударып, жетістіктерге жетіп, үлкен марапаттарға ие болды.

Бала кезінен спортқа жақын болған ол кейін грек-рим күресіне бет бұрып, аталған спорт түрінен КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері атанды. 1980 жылы 29 жасында Мәскеу олимпиадасында топ жарды. Сондай-ақ, Жақсылық Үшкемпіров грек-рим күресінен әлем чемпионы (1981), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1980), әлем кубогінің күміс жүлдегері (1982), екі дүркін КСРО чемпионы (1978, 1979) және КСРО халықтары Спартакиадасының жеңімпазы (1975) атанған. Кілемдегі мансабы аяқталған соң Жақсылық Үшкемпіров еліміздің қоғамдық өміріне етене араласып, қазақстандық балуандардың әлемдік жарыстарға алаңсыз дайындалуына атсалысты. Соңғы сұхбаттарының бірінде Жақсылық Үшкемпіров өзінің Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігін қайталайтын қазақ балуандарының жеңісін көріп кетуді армандайтынын айтқан. Биыл Үшкемпіровтың айтулы жеңісінен кейін 44 жыл өткенде, Париж олимпиадасында Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, еркін күрестен тағы бір қазақ палуаны Демеу Жадраев күміс жүлдегер атанды.

Демеу Жадраевтың айтуынша, Жақсылық Үшкемпіров хабарласқан сайын «Қашан алтын аласыңдар?» деп сұрайды екен. Ақеділ палуанның арман-мақсаты отанын, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу, жастарға үлгі-өнеге болуы болды.

Ол үнемі қазақ жастарына көмектесіп, мецанаттықпен айналысты.

Қазір Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайы бар. Жыл сайын даңқты палуанды еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп тұрады.

Байланысты жаналықтар

Дзюдошы Елдос Сметов мұқтаж жанға Ұмраға жолдама сыйлады

11.10.2024

«Қазақстандағылар күлген еді». Өзбекстанның бас бапкері өзін сынап жатқандарға жауап берді

20.09.2024

Демеу Жадраев, Нариман Құрбанов және Ғұсман Қырғызбаевқа оқу гранты берілді

03.09.2024

Елдос Сметов өзі туралы кино түсіреді

29.08.2024

Дзюдошы Абиба Әбужақыноваға үшінші рет көлік сыйлады

23.08.2024

«Әйелің бір күнде сатып жібереді». Қайрат Әділгерей анасын жанынан тастамаған спортшы туралы айтты

16.08.2024
MalimBlocks
Дзюдошы Елдос Сметов мұқтаж жанға Ұмраға жолдама сыйлады

Олимпиада чемпионы өз тойында сыйлық жасауды жөн көрген

«Қазақстандағылар күлген еді». Өзбекстанның бас бапкері өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ол бапкер ретінде 7 алтын алуды мақсат еткенін атап өтті

Демеу Жадраев, Нариман Құрбанов және Ғұсман Қырғызбаевқа оқу гранты берілді

Париж Олимпиадасында ел қоржынына түскен 7 медальдің бесеуін академия түлектері иеленген

Елдос Сметов өзі туралы кино түсіреді

Сметовтің сөзінше, бұл 2020 жылдан бері айтылып келе жатыр екен.

Дзюдошы Абиба Әбужақыноваға үшінші рет көлік сыйлады

Бұған дейін депутат Kia, атыраулық кәсіпкерлер Zeekr электромобилін тарту етті

«Әйелің бір күнде сатып жібереді». Қайрат Әділгерей анасын жанынан тастамаған спортшы туралы айтты

Қайрат Әділгерей әйелін азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевты мысалға келтірді.