Жаңақорғандықтар наразылық білдірді

  • 06.08.2020
  • Абай Нұржанұлы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жүздеген отбасы бірнеше жылдан бері қара түтінге тұншығып отыр. Тәулік бойы жұмыс істейтін алып асфальт зауытының маңайындағы тұрғындар өндіріс орыны мүлде экологиялық талаптарды сақтамай келеді деп наразы. Бұл туралы өңірдегі МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі хабарлайды.

Бүгін отыздан аса кент тұрғындары өз наразылықтарын білдірді. Көпшілік зауыттан  шығатын улы түтіннен қолқамыз қабынып, айықпас ауруға шалдығып жатырмыз дейді. Асфальт зауытының одан бөлек те тигізіп жатқан зияны қаншама  деген тұрғындар шу шығарды.

«Телевизордан карантинде үйде отырып сақтаныңдар деп зарлап жатыр. Ал отырмыз балаларымызды құшақтап. Терезені ашып қалсаң, смоланың иісі үп ете қалады», - дейді жаңақорғандықтар.

Жаңақорғандағы жалғыз асфальт шығаратын зауыттың маңайына жүзден аса жанұя осыдан он бес жылдай бұрын қоныстана бастаған. Мұнда келгелі бұл зауыттың бізге пайдасынан зияны көп тиді деп ашулы тұрғындар. Өйткені осынша жылдан бері үйде жүрсе де, сыртта де өндіріс орынының ауаға тараған түтіні өкпелерін отырғызып, тыныстарын тарылтатынын айтады. Тіпті мұндағы ластанған ауадан ауру тапқандар жетерлік дейді көпшілік.

«Түтіннен өлетін болдық қой. Бала-шағамыздың бәрі ауырып жатыр. Көшсең үйің өтпейді бұл жерде», - деп қамығады Жанділдә МЫРЗАХМЕТОВ.

Одан қалды айналасы ашық-шашық өндіріс орынындағы смола төгілген бассейннің маңы балалардың ойын алаңына айналған. Ал бұл онсызда түтіннен тұншығып жүрген тұрғындарды алаңдатып отыр.

Мұнда тұрғындар қоныстанбай тұрып жұмыс істеп жатырмыз деген зауыттың басшысы мәселенің  бар екенін мойындайды. Және ауаны ластаған дизель отынын алдағы бір айда газға ауыстырамын деп уәде етті. Асфальт өндіретін орынды да жақын арада қоршаймыз дейді.

«Биылға осы газға рұқсат алып отырмыз. Рұқсат қағазын алдық, күзге дейін газ орнатамыз», - дейді «Жаңақорған-Жібек жолы» ЖШС директоры Мақсұт ШОМАНОВ.

Халық зауыт бұл жерден көшірілісін дейді. Қарсы тарап бұл талап  орындалады. Бірақ ол алдағы уақыттың еншісінде. Сондықтан улы түтінді жұтып жүрген жұртқа тек зауыт басшысының уәдесінің орындалғанын күткеннен басқа амал жоқ.

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Алматыда кафелер ашыла бастады

25.05.2020

Біртанов кетті, Цой келді

25.06.2020

В Шымкенте проводится системная работа по обеспечению населения качественным интернетом

21.05.2021

Бекшин: Алматыда қатаң шектеу шаралары енгізілді

20.03.2021

Көлгінов Нұр-Сұлтанның туған күніне қатысты дым демеді

01.07.2020

Цой неліктен вакцина салдырмағанын түсіндірді

03.01.2021