ДДСҰ Қазақстандағы пневмония мен коронавирусты біріктірді

Malim Админ

  • 08.08.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда өршіп кеткен пневмонияны коронавирус деп таныды. Халықаралық ұйым ресми сайтында пневмония мен COVID-19 инфекциясын бірге есептеген.

Яғни  ДДСҰ сайтында коронавирус инфекциясы және коронавирустың клиникалық белгілері бар, бірақ ПТР тестілеу теріс көрсеткен пневмония жағдайлары бір статистикамен көрсетіледі.

Халықаралық үйымның есебінше, Қазақстанда 105 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Және соңғы бір аптаның ішінде 316 адам көз жұмды. Алайда, coronavirus2020.kz сайтындағы ресми мәлімет мүлдем басқаша. Онда 97 829 мың адам індетке шалдығып, оның 71 609-ы сауғып кеткендігі жазылған.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ 1-тамызға дейін пневмонияға шалдыққандарды коронавирусқа жатқызбайтындарын Хабар-24 телеарнасында берген сұхбатында мәлімдеген еді. Мәселен көршілес Қырғыз Республикасы пневмония мен COVID-19 инфекциясына шалдыққандарды бірге есептеп жатыр.

Айтпақшы, денсаулық сақтау вице-министрі Людмила БҰЙРАБЕКОВА Қазақстанда екі ауруға шалдыққандарды бірге есептеу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан келісім күтіп отырғанын айтқан-ды. Қызығы, халықаралық ұйым Қазақстан министрлігінің алдына түсіп кетті.

Фото: tass.ru

Байланысты жаналықтар

Әкім неге мүгедектердің ақшасын санап жүр?

30.04.2021

Никотинге әртүрлі жолмен байлану

23.03.2020

Карантин: Алматыда түнгі клуб қайнап тұр (видео)

04.08.2020

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

13.01.2021

Отыз жылдықтың рақымшылығына кімдер ілігеді?

07.09.2021

Алматы сары жолаққа енді

08.12.2020
MalimBlocks
Әкім неге мүгедектердің ақшасын санап жүр?

Никотинге әртүрлі жолмен байлану

Карантин: Алматыда түнгі клуб қайнап тұр (видео)

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

Отыз жылдықтың рақымшылығына кімдер ілігеді?

Алматы сары жолаққа енді