Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Без рубрики

Көпбалалы отбасыларға 191 миллард теңге жәрдемақы бөлініпті

malim Авторы: malim
10.08.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жарты жылда атқарылған жұмыстардың  деректерін жария етті. Министрліктің хабарлауынша, соңғы алты айда  көпбалалы аналарға берілген жәрдемақы көлемі 113,6 млрд теңге болған. Бұл жәрдемақыны 389,1 мың отбасы алған. Бұл жәрдемақы төрт және одан көп, бір үйде бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға табысына қарамастан беріледі. Жәрдемақы көлемі  балалардың санына байланысты есептеледі0.  42,5 мың теңгеден (4 бала) 74,4 мың теңгеге (7 және одан да көп бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен есептелген.

«Осы жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етілді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 13 мамырда қол қойды.

8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 – 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 – 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді» -дейді министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетергілі, бұл заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген, соған байланысты сегіз және одан көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері тағайындалған кезден бастап қайта есептелді.

Сосын,  төленбеген сома осы жылдың шілде айында аударылды.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд.  теңге қарастырылған

Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға қандай да табыстарына қарамай   берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.

Tags: әлеуметтік жәрдемақы

Ұқсас жазбалар

Көгалдандыру акциясы өтті

Авторы: malim
18.04.2021
0

Ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі  жанынан  құрылған ведомстволық бағынысты мәдени ұйымдарының өкілдері арасында қаланы...

Профессор С.Аманжолов қолданған грамматикалық  терминдердің ерекшеліктері

Авторы: malim
12.04.2021
0

Профессор С.Аманжолов қолданған грамматикалық  терминдердің ерекшеліктері Бағдан Момынова, филология ғылымдарының докторы, профессор Проф. С.Аманжоловтың артына қалдырған мол мұрасының теориялық, практикалық...

ortcom.kz

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтайтын ғылыми бағдарлама әзірленді

Авторы: malim
09.04.2021
0

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте  жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау процесі бірыңғай деректер базасын...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Фото: Zhong Nanxuan / Xinhua / Global Look Press

Вирустың жаңа штамы: Ауырып шыққандар қайта жұқтыра ма?

19.03.2021
Көрнекі сурет. klops.ru сайтынан

Белгісіз пневмония COVID-19-дан да қауіпті ме?

10.07.2020
bbc.com

Байден әлемді қалай өзгертеді? Трамп не бүлдірді?

09.11.2020

Әбішев бес жылға сотталды

18.02.2020
Көрнекі сурет: rbc.ru

Карантин: Енді сізді үйіңізде де бақылауда ұстайды

08.06.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!