Қазақстандық Анна Данилина Ұлыбританиядағы WTA 250 турнирінде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина чехиялық серіктесі Мария Боузковамен бірге Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің жұптық сайысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Финалда Данилина мен Боузкова Тайвань өкілі Се Шувэй мен австралиялық Майя Джойнтты 6:4, 7:5 есебімен ұтты.
Федерация мәліметінше, бұл Анна Данилинаның жұптық разрядтағы 13-ші WTA титулы. Оның ішінде бір WTA 1000, екі WTA 500, жеті WTA 250 және үш WTA 125 турнирі бар. Бұған дейін, 2023 жылы, Данилина финляндиялық Харри Хелиөваарамен бірге US Open турнирінің микст санатында жеңімпаз атанған болатын.
Фото: ҚР ҰОК


Ең көп оқылған
