Бір тәулікте 730 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

Елнұр Бақытқызы

  • 23.08.2020

22 тамыз күні Қазақстанда 730 адамнан коронавирустық пневмония анықталды. Пневмонияның бұл түрінен қайтыс болғандар саны 7 адамға артты.

Ал коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған 230 науқас тіркелді. Вирус жұқтырған 125 адамда ауру белгілері байқалған, 105 адамда Covid симптомдары болмаған. Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 104 543 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған.

Қазақстан коронавирустық пневмония есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп келеді. Шілденің басынан осы күнге дейін коронавирустық пневмонияға барлығы 22 660 адам шалдыққан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) аурулардың халықаралық классификациясын жүргізіп, әр ауруға арнайы код тағайындайды. Ұйым коронавирус індеті өршіген тұста ауруға U07.1 кодын тағайындады. Бұл кодты тағайындау науқастың коронавирус жұқтырғаны зертханалық талдау нәтижесінде анықталуы тиіс. Бірақ ПТР тестің дәлдігіне сұрақтар туындаған шақта ДДСҰ U07.2 дейтін екінші код берді. Бұл коронавирус белгісі бар, алайда оны ПТР тест растамаған кезде қолданылады.

Дегенмен Қазақстан екінші кодты 1 тамызға дейін пайдаланбай келді.Билік коронавирустың екінші кодын қабылдағанымен, оның дерегін коронавирус жөніндегі ұлттық статистикаға қоспай отыр. Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық статистикаға тек қана U07.1 кодына сай келетін, яғни Covid инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастарды қосып отыр.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда коронавирусты 104 543 адам ғана жұқтырған. Коронавирус пневмониясына шалдыққан 22 660 адам бұл статистикаға кірмей отыр. Джонс Хопкинс университеті мен worldometers.info сайтының Covid картасында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі айтқан дерегі көрсетіліп тұр.

Екі деректі біріктірсе, Қазақстанда коронавирус ауруына шалдыққандар саны 127 203 болады.

ПТР тест растаған коронавирус анықталғандар саны жөніндегі аймақтағы жағдай:

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды