Қош бол, Қазақстан!

Malim Админ

  • 27.08.2020

Әл-Жазира (Al-Jazeera) 2017-2019 жылдары Кипрден азаматтық сатып алған олигарх, бизнесмен, шенеуніктер мен олардың туыстарының тізімін жариялады. Кипрдің "алтын төлқұжатын" бұл жылдары 70-тен астам мемлекеттен 2500 адам сатып алған. "Алтын төлқұжат" деп аталатын себебі, оған қол жеткізу үшін Кипрге 2 миллион еуро көлемінде инвестиция салу керек.

Әл-Жазираның жазуынша, Кипр төлқұжатын сатып алғандардың көпшілігі сол мемлекеттің азаматтық алу жөніндегі жаңа талаптарына сай емес. "Ақша жымқырған, сотталған алаяқтар мен жемқорлық айыбы тағылған саясаткерлер Кипрдің "алтын төлқұжатын сатып алған", - деп жазады басылым.

Кипрден 2013 жылдан бері 2 миллион инвестиция құйып, азаматтық сатып алуға болады. 2019 жылы Кипр азаматтық алудың талаптарын қатаңдатып жіберген. Сондықтан азаматтық алғандардың басым көпшілігі бұл талаптарға сай болмай шыққан.

Кипрден төлқұжат сатып алғандардың арасында бірнеше қазақстандық бар. Олардың бірі "Қазақстан интернетін дамыту жніндегі қауымдастығы" заңгелік тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, "Қазақтелекомның" корпоративті сауда дирекциясының бұрынғы бас директоры және директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Әділбек Сәрсенов. Әділбек Сәрсенов Кипр азаматтығын 2019 жылдың  7 мамырында алған.

"Кипр құжаттарындағы" Әділбек Сәрсеновті Al-Jazeera саясатқа қатысы бар, тәуекелі жоғары тізімдегі 60 адамның қатарына жатқызған. "Тәуекелі жоғары" тізімге қылмыстық жауапкершілікке тартылған немесе сондай күдікке ілінген, санкциялық тізімдегі ұйымның акционері немесе жоғары қызметтегі менеджері я болмаса мемлекеттік қызметке қатысы бар шенеуніктер мен олардың туыстары кіреді.

"Саясатқа қатысы бар тұлғалар немесе олардың отбасы мүшелері  Кипр азаматтығына тапсырмастан бұрын бес жыл бойы мемлекеттік қызметте болмауы керек", - деп жазады Әл-Жазира.  Ал Ә.Сәрсенов 210-2018 жылдар аралығында мемлекетке тиесілі "Қазақтелеком" компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі болды. Сондай-ақ оның әйелі Гүлнара Сәрсенова да Кипр азаматтығын алған.

Қазақстан азаматтығын алған тағы бір адамның аты аталмайды. 1970 жылы туылған бұл адам 10 жыл бойы мемлекеттік компанияның директорлар кеңесінде жұмыс істеген ауқатты және саясатқа қатысы бар бизнесменнің әйелі. 2019 жылдың 5 сәуірінде Кипр азаматтығын алған. Әл-Жазира бұл адамды "профайлы редакцияланған" тұлғаға жатқызады, яғни бұл азамат Кипр төлқұжатын алудың барлық талаптарына сай келеді.

Мақаланы  sn.kz, kaz.caravan.kz, adyrna.kz және тағы басқа сайттардың көшіріп басуына рұқсат жоқ.

MalimBlocks