«Саакашвилимен төңкеріс жасау үшін кездеспедік»

Олжас Қасым

  • 28.08.2020

Кеше Киев қаласында Грузия және Украинаның мемлекет қайраткері Михаил СААКАШВИЛИ бір топ қазақстандық делегацияны қабылдады. Олардың қатарында мәжілістің экс-депутаты Бақыт СЫЗДЫҚОВА, президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бұрынғы кеңесші Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ және тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі болған Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ болды. Сондай-ақ, кездесуде кәсіпкер Марғұлан СЕЙСЕНБАЙ мен қоғам қайраткері Тоғжан ҚОЖАЛИЕВА, президент Тоқаевтың жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері болған Арман ШОРАЕВ пен Бақытжан БҰҚАРБАЙ да  болды. Грузин саясаткерінің үйінде қонақта болған қазақстандық меймандар facebook.com әлеуметтік желісінде Киевте өткен кездесу жайлы жарыса пост жазды. Бақыт Сыздықова «Мишико-красавчик» деп жазба қалдырды.

МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі Қазақстанда «ХАҚ» атты саяси партия құру бастамасын көтерген Тоғжан ҚОЖАЛИЕВАҒА хабарласқан еді.

Тоғжан Қожалиева: - Михаил Саакашавилимен 4 сағат сөйлестік. Жақсы ойлар айтты. Грузиядағы реформалар туралы әңгімеледі. Қазақстанда қалай реформа жасау керектігі туралы кеңес берді. 20 адам болып бардық.

Мәлім кз: - Бұл сапарды кім ұйымдастырды?

Тоғжан Қожалиева: - Ешкім. Әркім Саакашвилиге жеке-жеке шыққан ғой. Мысалы, мен мамыр айында сіздерден тәжірбиеден өтейінші деп хат жазғанмын. Ол кісі барлық ұсынстарды оқып шығып қабылдап отыр ғой.  Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматыдан бардық. Кішігірім үйде қарапайым ғана тұрады екен. Күзеті де жоқ.

Мәлім кз: - Бұл сапарды Украинадаға Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев ұйымдастырған жоқ па?

Тоғжан Қожалиева: - Жоқ, Қалетаев мырзаның бұл кездесуге қатысы жоқ.

Бұл кездесуге қатысқандардың бірі Арман Шораев жақсы сұхбат болғанын айтады.

Арман Шораев: - Саакашвилимен кездесу Марғұлан Сейсенбай бауырымыздың ұйымдастыруымен өтті. Михаил Николозович Марғұланмен танысқысы келген екен. Жақсы әңгіме айтылды. Бізде Грузиядағы реформалар жүзеге асса жақсы ғой.

Мәлім кз: - Бірақ ол үшін Қазақстанда саяси жүйе өзгеру керек қой.

Арман Шораев: - Әлбетте, өзгеруі тиіс.

Мәлім кз: - Жемқорлықпен күресте Саакашвили бізге көмектесе ала ма?

Арман Шораев: - Иә, көмектесе алады. Саакашвили орталығы Алматыдағы AlmaU жоғарғы оқу орында ашылады. Ол туралы Асылбек Қожахметов сізге толығырақ айтып береді.

Мәлім кз: - Саакашвилимен кездесу үшін күштік құрылымдардан рұқсат сұрадыңыздар ма?

Арман Шораев: - Не үшін? Саакашвили біздің жауымыз ба?

Мәлім кз: -Қазақстан одақтас Ресей президентінің жауы ғой.

Арман Шораев: - Путин менің де жауым. Біз ол жаққа төңкеріс жасау үшін барған жоқпыз ғой. Саакашвили елбасыны, президент Тоқаевты мақтады. Қазақ халқын мақтады.

2016 жылдан бері Киевті паналап келе жатқан диссидент Ермек НАРЫМБАЙ төрт жылдан бері Михаил Саакшилимен кездесе алмай жүргенін айтады. Митингілердің бірінде қолтаңба алып үлгергені ғана бар екен.

«Кез келген делегацияның Саакашвилимен кездесуі оңды дүние. Қазақстаннан келген азаматтар грузин саясаткерінің Киевтегі қарапайым аудандағы қарапайым тұрмысын көрді. 10 сотық жерде 75 шаршы метр үйінде болды. Астанадан келген делеагация сықиып костюммен келсе, алматылықтар қарапайым «свитер» киіп келіпті. Бұл жерде әркімнің өз мүдесі бар. Өйткені Саакашвили Қазақстанда танымал адам ғой. Мен де осы делегация құрамына кіргім келген. Бірақ мені Марғұлан Сейсенбай қоспады. Альянс банктің қитұрқы схемаларын жариялағанымды білесіздер ғой. Сіздің хабарламаңызды кеш көріп қалдық деген жауап алдым», - деді Мәлім кз тілшісіне Ермек Нарымбай.  

Кеше бұл кездесу жайында Михаил Саакашвилидің өзі де facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған. Реформа бойынша Қазақстанмен серіктестік орнатамыз деп. Бірақ оның жүзеге қалай асатыны әзірге белгісіз болып тұр. Сондай-ақ, қазақстандақ делегация Украина президенті Владимир ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ «Слуга народа» партиясының жетекшілерімен жолыққан.

Фотолар facebook.com әлеуметтік желісінен алынды. 

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.