"Әкім Әбдіқалықова, жанайқайымызды тыңдаңыз!"

Абай Нұржанұлы

  • 01.09.2020

Төрт айдан бері тегін жұмыс істеп келе жатқан Қызылордадағы туберкулезге қарсы балалар шипажайының  қызметкерлері бүгін облыс әкімдігіне базыналарын айтып келді. Бірақ тағы да облыс басшысына  Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВАҒА жолыға алмай кетті.

Әкімдікке келген ондаған шипажай қызметкерлері мекемелерінің жабылмауын және айлықтарын төлеуді талап етеді. Бұған дейін де  мұғалімдер мен медицина қызметкерлері  Гүлшара Әбдіқалықовадан көмек сұраған еді.  Бір рет болса да, өзі шығып мұңымызды тыңдамады деп күйінеді әкімдік алдына жиналғандар. Өйткені денсаулық сақтау басқармасының уәдесіне әбден тойдық дейді шипажай қызметкерлері.

« Гүлшара Әбдіқалықова, халықтың жанайқайын тыңдасаңыздаршы! 100 адам жұмыссыз далада қалды.  Біздің мекемемізді бұрынғыдай орынына қалыптастырып, бұрынғыдай жұмыс жасағымыз келеді», - деді тәрбиеші Айжан СМАЙЛОВА.

Әкімдік ғимаратына келу үшін соңғы ақшамызды  жолақыға жұмсадық деген мұғалімдер мен медицина қызметкерлері мәселе шешілмей қайтпаймыз деп тұрып алды. Сондықтан болар жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы қабылдады. Басшылардың айтуынша қаражаттың жоқтығынан шипажайды бір ай көлемінде туберкулезге қарсы диспансерге қоспақшы. Ал қысқарған қызметкерлерге жұмыс орындары дайын дейді.

«Қазір бірінші мәселе қызметкерлердің қарызынан құтылу. Соның жолдарын қарастырып отырмыз. Бюджеттен соны төлейміз сосын диспансерге қосу мәселесін қарастырамыз», - Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит ПАЗЫЛОВ.

Облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санатория балалар ұзақ уақыт емделетін болған соң мұғалімдер сабақ береді. Осы уақытқа дейін Міндетті мемлекеттік сақтандыру қорынан қаржыландырылған екен. Наразы жұрттың айтуынша, шипажай қызметкерлеріне 30 млн теңге қарыз.

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Құрбан айтта полиция мал іздемек...

29.07.2020

"Бекеңнің жүйкесі сыр бергенге ұқсайды. Шын жаным ашыды"

20.08.2020

Қазақстандықтардың көңіл-күйі: әлеуметтік өлшем

20.10.2020

Қазақстан халқы Ассамблеясы: Ұлтаралық алауыздық тудырмауымыз қажет

09.02.2020

Әкім Шахаровтың шаруасын жастар істеп жүр

05.11.2020

"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?

21.12.2020
MalimBlocks
Құрбан айтта полиция мал іздемек...

"Бекеңнің жүйкесі сыр бергенге ұқсайды. Шын жаным ашыды"

Қазақстандықтардың көңіл-күйі: әлеуметтік өлшем

Қазақстан халқы Ассамблеясы: Ұлтаралық алауыздық тудырмауымыз қажет

Әкім Шахаровтың шаруасын жастар істеп жүр

"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?