Президент министрге ғылымды дамытуды тапсырды

Malim Админ

  • 05.08.2020

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, биылғы оқу жылына орай жүргізіліп жатқан дайындықтары жайлы есеп берді.

Биылғы оқу жылының бұрынғыдан өзгерек  болғаны айтпаса да түсінікті. Оқу жылын қашықтан оқумен аяқтаған оқушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттарға дейін жаңа оқу жылын осы форматта жалғастырады деп күтілуде. Демек, жаңа оқу жылына дайындық өзгеше болуға тиіс.

Жалпы, былтырдан бері педагог мәртебесі туралы және ғылымды дамыту мәселесі жиі сөз болып жүр. Президент Тоқаев бұл жолғы кездесуде де осы мәселелерге қайтара тоқталды. Министр де бұған дейін мемлекет басшысы тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайлы есеп берді.

«Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды», - деп жазды Akorda.kz.

Педагог мәртебесін көтеру – Білім және ғылым министрлігінің ғана емес, бүкіл мемлекеттік құрылымның һәм қоғамдық міндетіне айналып бара жатқандай әсер қалдырады. Мұғалім тек білім берумен айналысуға тиіс. Білім саласына жасалмақ реформа басқа емес осыдан бастау алуға тиіс. Бұған дейін айтылып келгендей, ұстаздардың жалақысын көбейту жалғасын табуға тиіс.

Бұдан кейінгі тағы бір мәселе – ғылымды оқытуды заманауиландыру. Магистранттар мен докторанттарға білім беру форматын жаңарту және олардың керегінше ізденуіне, қажетінше оқуына жағдай жасау. Бұл туралы Ақорда сайтында:

«Мемлекет басшысы Білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді», - делінген.

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы