Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

  • 11.09.2020
  • Malim Админ

Юрий Ильин Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасап, Malim.kz  хабарлайды.

«Юрий Ильин Викторовичті Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын», - делінген президент бұйрығында.

Юрий Ильин бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары болып қызмет атқарып келген.

Ол 1968 жылы 4 сәуірде Куйбышев қаласында (Совет одағы құрамындағы Ресей) дүниеге келген.

Конев атындағы Алматы училищесін (1989), Қырғыз мемлекеттік заң академиясын (2006) бітірген.

Еңбек жолын Украинада бастаған. Қазақстанда 1996 жылдан бері қызмет істеп келеді. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінде (орынбасар), қалалық әкімдікте (орынбасар), Президент әкімшілігінде, т.б. түрлі қызметтер атқарған. 2016 жылдың сәуірінен бер ІІМ вице-министр болып қызмет еткен.

Генерал-мойор үйлеген, екі ұлы, бір қызы бар.

Байланысты жаналықтар

Әблязов тұтқындаламын деп қорқады

13.05.2021

129 күндік наразылық: Белсенділер халықаралық ұйымдардан араша сұрайды

16.06.2021

Қостанайлықтардың таңдауы «Nur Otan»

08.01.2021

Шенеуніктердің қара тізімі жасалмақ

14.07.2020

АҚШ Қазақстанға әскер кіргізбейді

22.05.2021

Өзің үшін, ел үшін, жер үшін, болашақ үшін дауыс бер!

08.01.2021