"Қырғыздар Ресей құрамына кіргісі келеді"

  • 15.09.2020
  • Malim Админ

Қырғыздың бірқатар шенеуніктері қырғыздардың Ресей құрамына қайта кіруге ықтиярлы екенін айтады. Соның бірі Ресейдегі Қырғызстанның экс-елшісі Райымқұл АТТАКУРОВ. Ол бұл туралы ресейлік басылымға берген сұхбатында айтты.

[caption id="attachment_7304" align="alignleft" width="300"] Р.Аттакуров[/caption]

«Біз көптеген ғасырлардан бері біргеміз. Біздің тарихымыз ортақ және болашағымыз да ұзақ уақыттар бойы бірге болады деп сенеміз. Қазір, тіпті, көптеген қырғыздар Ресей құрамына республикалардың бірі ретінде кіру туралы ойлап жүр», - дейді Аттакуров.  

Бұл сұрақ ресейлік журналист үшін де тосын естілген болу керек, нақтылап қайта сұрайды:

« - Қырғызстанда осындай әңгімелер расында бар ма, шынымен сондай мүмкіндік талқыланып жатыр ма?

« - Иә, Қырғызстанда ондай бар. Осы жақтағы диаспоралық қоғамдастықтарда да бұл мәселе талқыланып, айтылып жүр. Әрине, мұны аяқ асты, асығыс жасауға болмайды. Бірақ, меніңше, қалай да осыған қадам жасалу керек, өмірдің өзі бізді осыған итермелеп тұр ғой», - дейді шенеунік.

Айта кету керек, бұл қырғыз шенеуніктерінің аузынан алғаш шығып отырған жоқ. Ресей басылымына берген сұхбатында тағы бір Қырғыз Жогорку Кенешінің депутаты Ақылбек ЖАПАРОВ айтқан.

[caption id="attachment_7303" align="alignleft" width="300"] А.Жапаров[/caption]

«Егер бүгін барып Қырғызстанда сауалнама жүргізсе, азаматтардың 90 пайызы ЕАЭО ғана емес, Ресей құрамына кіруге де дайын екеніне сенімдімін. Біз Ресей құрамына өз еркімізбен, 1861 жылы кіргенімізді еске салғым келеді, және біздің елдің Совет одағы құрамында да ортақ тарихымыз бар», - деген Қырғызстанның еңбек сіңірген экономисті.

Әрине, мұндай сөздерге Қырғыз қоғамының рекакциясы қандай болатыны түсінікті. Олардың көбінің пікірі «сыртқа бәрін сатып болып, енді сататын түк таппаған соң, елді, жерді, халықты сатуға көшті», дегенге саяды. Сондай-ақ, Ресейдегі диаспоралық қоғамдастық өкілдері де мұны жоққа шығарды.

Бір жыл ішінде екі шенеунігі Ресей құрамына кіру туралы айтардай, қырғыздарға не болды екен...

Байланысты жаналықтар

ЖСДП сайлауға қатыса ма?

21.10.2020

Теңге құнсыздануы: Ұрлық жасамайтын жаңа адамдар керек

16.03.2020

Америкалық арман: Қаржы министрлігі халыққа ақша таратуды ұсынды

19.03.2020

Долинка түрмесінде сотталушылардың зорланғаны хабарланды

18.02.2021

Сын жазғыштарды бақылауға 46 миллион теңге бөлінді

25.05.2020

Бақтияр Өнербаев отставкаға кете ме?

09.07.2020