«Еңбектен» кәсіп тапқандар баршылық

Malim Админ

  • 22.08.2020

Мемлекет көмегін пайдаланып, автокөлік жөндейтін станция ашып алған Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны Ержан Утеулиев бүгінде қиналмай үш баласын, отбасын асырап отыр. Бұған дейін жұмыссыз жүрген ол үкіметтің 555 600 теңге мемлекеттік грантына ие болып, осы қаржыға автокөлік доңғалақтарын туралайтын құрылғы сатып алған. Бүгінде Төле би ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жемісін көрген Ержан Утеулиев секілді 60 азамат бар. Ал жылдың соңына дейін бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 150 азаматқа берілмек. Бұл былтырғымен салыстырғанда аз. Бірақ, бұл мемлекеттік бағдарлама жұмысының ауқымы тар деген сөз емес. Қайта, керісінше «Еңбектен» кәсіп тауып жатқандардың көптігін көрсетсе керек. Мәселен, былтыр Төлеби ауданынында осы бағдарламаның көмегімен 460 азамат жаңа бизнес идеяларын жүзеге асырыпты.  Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы отбасы мүшелері және аз қамтылған отбасы мүшелері мен жастар көп.

Жалпы, Түркістан облысында «Еңбек» бағдарламасының қарқыны қатты. Мәселен, жыл басында облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы үй іргелік жерлерге тамшылатып суару әдісін енгізуді тапсырған болатын.

Тамшылатып суару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Тамшылатып суаруға арналған құбырлар топырақ үстімен немесе астымен орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, құбырлар арқылы фертигация әдісін, яғни тыңайтқыштарды суға қосып қолдануға да болады. Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз – суды үнемдеу. Суды үнемдеп, өнімділігін арттырып отырған шаруақожалық жергілікті рыноктың сұранысын қанағаттандырып, базар нарығындағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуде.

Облыс басшысының осы тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Өңір басшысының тапсырмасын жандандыру мақсатында аудан әкімі Уласбек Садибеков те аудандағы шаруашылыққа бейім азаматтарды кәсіпкерлікке тарту үшін мүмкіндіктер қарастыруда. Бастапқы кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген әрбір азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант қаражаты ұсынылды. Оның жүзеге асырылуы жауапты сала басшыларының назарында.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты аясында, өз кәсіпкерлігін үй іргелік тамшылатып суару әдісіне бағыттаған азаматтарға қаржылай қолдау көрсетуге пәрмен берді. Жоспар бойынша 200 азаматты нәтижелі жұмыспен қамту көзделген. Бүгінде ауданның 11 ауыл округінен 100 азаматқа қаржы бөлініп отыр. Енді мемлекеттік грант алған аудан тұрғындары өз үйлерінің маңына тамшылатып суару жүйесін құрып, егін егу жұмыстарын қолға алауда.

Израиль әдісін қолдану арқылы олар әуелі өздерін жұмыспен қамтыса, екінші бір ұтымды жағы егіншіліктен алған өнімді табыс табу көзіне айналдыруға мүмкіндігі бар. Енді тағы 109 азаматтың құжаты комиссия қарауында. Ал бұл іске бірінші болып кіріскен аудан тұрғындары бүгінде  алғашқы өнімдерін алып, дастархан байлығын көбейтіп отыр.

Теріскейге де тамшы жетті

Түркістан облысының теріскейі атанған Созақ ауданында да карантинге қарамастан кәсіп ашқандар саны артқан. Аймақта нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы тиімді жүзеге асуда. Қазіргі таңда мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, бағдарламаның игілігін көрген отбасылар саны 62-ге жеткен.

Созақ аудандық жұмыспен қамту орталығының мониторинг бөлімінің басшысы Елдос Дәулетбаевтың айтуынша, бағдарламаның басым бағыты – бизнес идеяларды іске асыруға арналған. Жоба аясында жастар, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылар, көпбалалы отбасы мүшелеріне грант тағайындалған.

Мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланған кәсіпкердің бірі  Бағлан Анарбеков. Ол арнайы оқудан өтіп, грант қаржысына кәсіпкерлікке қажетті аппараттарын алдым дейді. Шағын асханасы бар азамат грант қаржысының халыққа қызмет көрсету сапасын арттырғанын жеткізді.  Алдағы уақытта асханасынан  тауық еті өнімімен қатар наубайхана ашып, жаңа жұмыс орындарын көбейтуді жоспарлап отыр. Елдегі карантин режиміне байланысты шектеу Бағлан Анарбековтың табысын азайтпай, тиісінше жаңа сервис енгізуге сеп болған. Қазірде кәсіпкер онлайн сату арқылы табысын еселеп, қаржы айналымы ұлғайтуда.

Кәсібін дамытқан отбасылар қаржыны  өздері құрғаған бизнес жоспарға сай игереді. Мысалы «Алмас» шаруақожалығы қарамағындағы жерге  тамшылатып суғару әдісімен қияр өнімін өсіруді қолға алған.

Тағы бір созақтық  отбасы үй іргелік жерінде құс өсірумен айналысуда. Балапан аштырып, көбейтіп өсіріп пайда табуды көздеп отыр. Құс өсіру – қазаққа ежелден пайдалы кәсіп санатында. Асыраған құс жақсы өнім беруі үшін, ең алдымен балапандарды дұрыс күтімге алу қажет. Оған арналған «балабақша» да жайлы болуы тиіс.  Балапандардың нәзік, күтімге зәрулігі қаражат мәселесін туындатады. Табысы жақсы саланы мемлекет қаржыландыруы – әлеуметтәк аз қамтылған отбасылардың әлеуетін жақсартады.  Ал, Ерік Байдүйсенов  жеңіл автокөлік жөндеу орталығын салды. Қолынан келетін ісін жүргізуге серпін болған бағдарламаның игілігін көрушілер мемлекет берген  мүмкіндік үшін дән риза.

Айта кетерлігі, мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған. Президенттің осы ауқымды жобасы жергілікті жерлерде атқарыла бастады.

Н.Әлдибек, Түркістан облысы

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады