Мамин бәрін өсіріп жіберіпті

  • 15.09.2020
  • Malim Админ

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдап, қаңтар-тамыз айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын тыңдады. Асқар Маминнің сөзіне қарасаңыз, біздің экономикамызға пандемия әсер етпегендей. Мамин көрсеткіштердің бәрін өсіріп жіберіпті.

«Сегіз айда қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,3%-ға, оның ішінде машина жасау – 16,3%-ға,  көлік құрастыру – 51,8%-ға, сондай-ақ фармацевтика –34,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 11%-ға, химия өнеркәсібі – 3,1%-ға және дайын метал өнімдерін шығару – 18,8%-ға өскенін мәлімдеді.

2020 жылы Индустрияландыру картасы аясында, жалпы сомасы 996 млрд теңге болатын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспортты 325 млрд теңгеге арттыруға және 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Құрылыс көлемі – 6,5%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 6,4%-ға немесе 8,1 млн шаршы метрге артты. Жыл басынан бері 71 мың жаңа үй салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық.

Ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсім 4,9% құрады, азық-түлік өндірісінің көлемі 3,6%-ға артты», делінген Ақорда хабарламасында.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 874 мың адам жұмыспен қамтылып, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш те 82,1%-дан асыпты.

Өз сөзінде президент эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетуді тапсырыпты.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев келгелі жемқорлықпен ұсталғандардың саны 11 пайызға өскен

19.08.2020

Түркістанша тендер өткізу

22.07.2020

Токио-2021: Қазақстанда қанша жолдама бар?

31.03.2021

Өзбекстандағы су қоймасының апаты шу тудырды

03.05.2020

МАҚТААРАЛДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРҒАН НАУҚАС ЖОҚ

02.05.2020

Кәсіптік және техникалық білім: Түлектер жерде қалмайды

28.04.2020