Заң енді Төреғалиларды сахнада тепсіндірмейді

Malim Админ

  • 16.09.2020

Қазақстанда әртістердің сахнада өз-өзін ұстауы заңмен реттелмек. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында айтылды. Сондай-ақ енді әншілер фонограмма қолданса оны көрерменге айтуы тиіс.

Министр Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА концерт, ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын проблемалар бар дейді.Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнада мас күйінде өнер көрсету үрдіс орын алған, жоспарланған концерттерді бұзу, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалану фактілері болғанын ашық айтты.

Демек енді өнерпаздар сахнадағы өз әрекеттеріне мұқият болуы тиіс. Министр ханым бұған дейін орындаушының көрерменді қорлау фактісі болғанын айтты. Мәселен, 2017 жылы әнші Төреғали ТӨРӘЛІНІҢ Павлодар қаласында өткен дау ел есінде. Сол ән кешінде өнерпаз көрермендердің біріне дөрекі сөйлеген-ді. Оны видеосы кеңінен тарап, артынша Төреғали кешірім сұрады.

 «Осы орайда, Заң жобасы аясында орындаушылардың осындай мінез-құлық көрсетуіне жол бермеу үшін бірқатар міндеттемелерді енгізу арқылы осы мәселелерді реттеуге тырыстық. Олардың ішінде маңызды нормалардың бірі - музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограммаларды қолдануы туралы көрерменді хабарлау. Фонограммаларды пайдалану тәртібін заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді», - деді министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында.

Байланысты жаналықтар

Праймериз жастарға жол ашты

10.11.2020

Министрдің құрбаны

17.04.2020

Сарсаңмен өткен сол бір кез... (Жалғасы)

06.04.2020

Алға қойған мақсатқа жете алмадық

30.07.2021

Саян Есжан. Біздің өмір - сандырағы қаланың

14.10.2020

Ту туралы заң және "Борат-2"

27.10.2020
MalimBlocks
Праймериз жастарға жол ашты

Министрдің құрбаны

Сарсаңмен өткен сол бір кез... (Жалғасы)

Алға қойған мақсатқа жете алмадық

Саян Есжан. Біздің өмір - сандырағы қаланың

Ту туралы заң және "Борат-2"