457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлттық құраманың бас бапкері: 4 жігіт үмітті ақтамады

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы үшін Загребтегі әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malim.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне жарыс қорытындысы жайлы пікір білдірді:

«10 салмақта екі палуанымыз ғана қола жүлдеге қол жеткізді. Оның бірі – 61 келіде белдескен Асылжан Есенгелді, екіншісі – 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов. Жалпы алғанда, әлем чемпионатына барған төрт жігітіміз үмітті ақтамады. Атап айтқанда, Азамат Дәулетбеков, Болат Сақаев, Әлішер Ерғали, Ризабек Айтмұқаннан жүлде күттік. Кемінде бір медаль алатын мүмкіндіктері болды. Жеребе де сәтті түскен еді. Жоспар бойынша 4–5 жүлде аламыз деп ойлағанбыз», – деді Мадияр Құрамысов.

Фото: ДРС