457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Мектепке хиджабпен келген": Министрлік мәлімдеме жасады

Оқу-ағарту министрлігі желіде тараған бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

БАҚ пен әлеуметтік желіде жарияланған роликте ашулы мұғалімнің оқушы қыздардың сыртқы келбетіне байланысты қатқыл сөйлеген дауысы естіледі.

Ведомство мәліметінше, видеода көрсетілген жағдайдың Қазақстан мектептері мен еліміздің білім беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ.

Сонымен қатар министрлік мектеп формасына қатысты қолданыстағы талаптарды тағы бір мәрте еске салудың маңыздылығын атап өтті.

Қолданыстағы заңнамада міндетті мектеп формасына байланысты барлық құқықтық негіздер нақты бекітілген. Арнайы бұйрықта ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасының үлгісі көрсетілген, - деді Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Министрлік өкілі атап өткендей, мектеп формасы зайырлы білім беру қағидаттарына толық сәйкес болуы тиіс. Форманың стилі — классикалық, ал түс гаммасы - біркелкі және ұстамды болуы шарт. Үштен артық түсті араластыруға жол берілмейді.

Сондай-ақ мектеп формасына қатысты талаптардың 13-тармағында діни конфессияларға тән киім элементтерін мектеп формасына қосуға тыйым салынатыны нақты көрсетілген.

Бұл талаптар оқушылар арасында бірыңғай тәртіпті сақтау және білім беру процесінің зайырлы сипатын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген, - деді министрлік өкілі.

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға мектеп жарғысын және ресми талаптарды сақтаудың міндетті екенін ескертті. Егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда, қолданыстағы заңнама мен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Фото: видеодан кадр

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00