Қазақстандық оқушылардың күзгі демалыс уақыты белгілі болды

Қазақстандағы мектеп оқушыларының алғашқы тоқсандағы демалысы бір аптаға созылады, деп хабарлайды Malim.kz.
Күзгі каникул 27 қазанда басталып, 2 қараша күні аяқталады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, демалыс күндері балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, жеке қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» атты бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, оқушылар қысқы және көктемгі каникул кезінде 10 күннен демалады. Ал бірінші сынып оқушыларына 9–15 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі.
Фото: istockphoto.com