Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы болжанып отыр

Синоптиктердің болжауынша, 15 қазанда еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады: жел екпіні 20-28 м/с-қа дейін жетіп, тұман, шаңды дауыл мен өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 15 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қ.: 15 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 15 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 2-7 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 15 қазанда түнде 5-7 градус үсік күтіледі.
Ақмола облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 15 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с. Төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістан қ.: 15 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 15 қазанда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Фото: pixabay