457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

14 қазанға арналған ауа райы жарияланды

Алдағы сейсенбіде, 2025 жылы 14 қазанда Қазақстанда үсік жүреді, жел күшейіп, жауын-шашын және тұман болады деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі ұсынған болжамда айтылады, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжамға сәйкес, сынап бағаны 1-3° градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі: Жамбыл облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында .

Ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі. Қазақстан бойынша ортақ табиғи құбылыс екпінді жел, сондай-ақ тұман болмақ деп болжанады, - "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Фото: pixabay