457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел болып, үсік жүреді

17 қазан күні еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 17 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 17 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 17 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 17 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 17 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-6 градус үсік күтіледі. Алматы қ.: 17 қазанда түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Қонаев қ.: 17 қазанда түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 17 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 4-9 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 17 қазанда түнде 6-8 градус үсік күтіледі.

Фото: unsplash