Ақтөбе облысында оқушыны зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адам ұсталды

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 9-сыныпта оқитын қыз бала сабақ үстінде босанып қала жаздаған. Бұл оқиға бойынша 60 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Көшқалиев күдіктінің ұсталып, тергеу изоляторына қамалғанын растады.
«Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деді Көшқалиев.
Білім басқармасының мәліметінше, қыз бала Ойыл орта мектебінің 9-сынып оқушысы, толық емес отбасында тәрбиеленген. Қазір ол перзентханада дәрігерлердің бақылауында.
Сонымен қатар, дерекке сәйкес, оқушы қыркүйек айында медициналық тексеруден өткен, алайда сол кезде дәрігерлер оның жүкті екенін анықтамаған. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға беру үшін арнайы комиссия құрылды.
Қазір тергеу жалғасып жатыр.
Фото: pixabay