457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

“Барыс” маусымды екінші жеңіспен бастады

“Барыс” маусым басындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Елордалық клуб өз алаңында буллит сериясында “Амурды” ұтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды. Шайбаларды Райли Уолш, Кирилл Савицкий және Эмиль Галимов соқты. Айта кетейік, Кирилл бұл ойында 1+1 көрсеткішіне қол жеткізсе, Дінмұхамед Қайыржан екі нәтижелі паспен (0+2) көзге түсті.

Бұл жеңістің арқасында Михаил Кравец шәкірттерінің еншісінде 4 ұпай бар.

Осылайша, кем дегенде ертеңге дейін қазақстандық команда Шығыс конференциясының турнир кестесінде көш бастады.

Фото: "Барыс" ХК