457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Чемпионат қорытындысы бойынша ел үздіктері анықталып, 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады

Чемпионат қорытындысы бойынша ел үздіктері анықталып, 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады. Жүлдегерлердің толық тізімін Olympic.kz жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.  

Биыл өткен ел біріншілігіне әр өңірден 371 боксшы жиналды. Айта кетерлігі, Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бұл жарысқа қатыспады. Сонымен қатар Қазақстан чемпионаты World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша өтті.

Жарысты алтын медальмен аяқтағандар: Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Сәкен Бибосынов (55 келіге дейін), Серік Теміржанов (60 келіге дейін), Санатәлі Төлтаев (65 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін), Ерасыл Жақпеков (80 келіге дейін), Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін),  Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары).

Күміс медаль иегерлері: Бекзат Алдамжаров (50 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін), Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін), Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін), Нұрмағамбет Юсупов (90 келіге дейін), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары).

Қола медаль иегерлері: Нұрсұлтан Нұриденов (50 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Тимур Қабдешов (55 келіге дейін), Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Дәулет Молдашев (60 келіге дейін), Әбдіғалым Әбдікерім (65 келіге дейін), Илья Калинин (65 келіге дейін), Нұрбек Мурсал (70 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келіге дейін), Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Талғат Шайкен (75 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Бекзат Таңатар (85 келіге дейін), Дәурен Мамыр (85 келіге дейін), Данияр Рахымбердинов (90 келіге дейін), Оңталап Рахманов (90 келіге дейін), Даниал Сапарбай (90 келіден жоғары), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары).

Қазақстан чемпионатының нәтижесі (әйелдер)

Алтын медаль иегерлері: Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Жазира Орақбаева (51 келіге дейін), Элина Базарова (54 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Римма Волосенко (60 келіге дейін), Лаура Есенгелді (65 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін).

Күміс медаль иегерлері: Әнел Құдайберген (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Жайна Шекербекова (54 келіге дейін), Карина Ибрагимова (57 келіге дейін), Анар Тұрсынбек (60 келіге дейін), Аружан Жаңабаева (65 келіге дейін), Мадина Нұршаева (70 келіге дейін), Мария Сидоренко (75 келіге дейін), Анастасия Рылина (80 келіге дейін), Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары).

Қола медаль иегерлері: Ақбота Болат (48 келіге дейін), Елянур Турганова (48 келіге дейін), Жансая Рахымберді (51 келіге дейін), Анжа Садуақасова (51 келіге дейін), Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін), Әнел Сақыш (54 келіге дейін), Айдана Забынбекова (57 келіге дейін), Виктория Байдукова (57 келіге дейін), Евгения Графеева (60 келіге дейін), Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Жасмин Кизатова (65 келіге дейін), Ақнар Ишанова (65 келіге дейін), Анастасия Баязитова (70 келіге дейін), Мерей Ибрагимова (70 келіге дейін), Назерке Болат (75 келіге дейін), Азиза Исина (75 келіге дейін), Жібек Жарасқызы (80 келіге дейін), Гузаль Садыкова (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары).

Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы көш бастаса, Алматы қаласы 2-орын, Шымкент қаласы 3-орын алды.

Фото: ҰОК