457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тағы бір спортшы жарыс кезінде көз жұмды

Спортшының жағдайы күрт нашарлаған

Алматы маңындағы Іле Алатауында өткен Salomon Trail тау жарысында қайғылы оқиға орын алды. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.


Жарысқа қатысқан 70 жастағы ардагер спортшы Владимир Кривенцов жарыс барысында өзін нашар сезініп, көп ұзамай көз жұмды. Оқиға жарыс басталғаннан кейін орын алған. Куәгерлердің айтуынша, спортшының жағдайы күрт нашарлаған.  

Дереу жеткен медициналық көмекке қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмағанын айтуда. Кривенцовті “Медеу” спорт кешеніндегі құтқару пунктіне жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бұл оқиғаға байланысты жарысты ұйымдастырушылар ресми мәлімдеме жасап, марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Владимир Кривенцов көпшілігіміз үшін ерік-жігердің, белсенді өмір салтының жарқын үлгісі еді. Оның жарысқа деген адалдығы мен спортқа деген махаббаты бізді әрдайым жігерлендірді. Марқұмның отбасына, жақындары мен жанашырларына қайғырып көңіл айтамыз, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Владимир Кривенцов ардагер марафоншы. Ол өзінің тұтас ғұмырында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттаған. Сонымен қатар полиатлон, қысқы көпсайыс жарыстарының бірнеше дүркін жүлдегері.  

Фото: Informburo.kz