457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчы: билет бағасы қаншадан болады?

«Қайрат» футбол клубының әкімшілігі УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы өз алаңындағы ойындарға билеттердің қанша тұратынын айтты,- деп хабарлайды Malim.kz informburo.kz сайтына сілтеп. 

«Бағалар УЕФА-мен келісілген, барлық үй матчтары үшін бірыңғай және 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіленген. Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын өткізудегі халықаралық тәжірибеге сай келеді», – делінген клуб хабарламасында.

Сондай-ақ, маусымдық абонемент иелері стадиондағы өз орындарын жеңілдетілген бағамен алдын ала сатып ала алатыны айтылды. Бұл туралы оларға Ticketon қызметкерлері алдын ала хабарласады.

«Билеттердің бір бөлігі бұрынғыдай бекітілген әлеуметтік және клубтық квоталар аясында бөлінеді: олар "Қайрат" академиясының және оның филиалдарының бапкерлері мен тәрбиеленушілеріне, паралимпиадалық спорт түрлерінің спортшыларына, клубтың қазіргі қызметкерлері мен құрметті ардагерлеріне беріледі. Сонымен қатар, клубтың серіктестік келісімдері аясында демеушілерге арналған жеке квота да қарастырылған», – деп толықтырды клуб өкілдері.

Алматыдағы Орталық стадионда 30 қыркүйекте өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері 23 қыркүйек күні, Астана уақытымен сағат 17:00-де сатыла бастайды. Оларды «Қайрат» клубының ресми сайтынан және Ticketon сервисі арқылы сатып алуға болады.

«Бір жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) екі билеттен артық сатылмайды, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кірер кезде де мұқият тексеріледі.

Сондай-ақ, желіде алдын ала билет сатылымы туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Біз жанкүйерлерді билеттерді тек ресми арналары арқылы сатып алуға шақырамыз», – деп қорытындылады «Қайрат» футбол клубы.

Фото: dzen.ru