Антикор «кішкентай» шенеуніктерді жақсы ұстайды

  • 18.09.2020
  • Malim Админ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жақсы жұмыс істеп жатыр. Тоқтаусыз деуге болады. Күнде аймақтағы шенеуніктер, әкім орынбасарлары, басқарма басшылары ұсталып жатады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының әкімі жемқорлықпен ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Аягөз қаласының әкіміне қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерлік субъектіден 1,2 миллион теңге сома пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті Қазақстан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Біржан Нұрымбетов басқаратын министрліктің Жамбыл облысындағы еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және миграция департаментінің басшысы орынбасарына лауазым сатты деп күдікке ілінді.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және миграция департаментінің басшысы қатысты тергеу жүріп жатыр. Ол орынбасарынан сол қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алған деген күдікке ілінді», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Қазір шенеунік үй қамақта отыр.

Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасының шенеунігі де жемқорлықпен ұсталып отыр.

«Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарып отырған шенеунік аса ірі көлемде жемқорлық әрекетке барғаны үшін қамалып, тергеу амалы жүріп жатыр. Ол бір фирмадан орындалған актілерге қол қою үшін 1,4 млн теңге алған», - деді  сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қиыл агенттігі.

Бүгін жемқорлар туралы көп сөз болатын сияқты. Осы пара алып, жалған құжаттарға қол қоятын шенеуніктерді соттайтын соттарымыздың өзі судан таза, сүттен ақ емес. Сот жүйесіндегі оңайландыру жұмысы қанша айтылып келсе де, Қазақстанда ең көп пара алатын қызметтердің біріне осы сот жүйесі жатады.

Қазақстан соттары арасында да екі сыбайлас жемқорлық дерегі анықталған. Судьялардың ақша төлегендердің пайдасына үкім шығарғаны әшкере болған. Бұл туралы онлайн-брифингте айтылды.

Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу басталды. «Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының судьясына қатысты да тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Ол ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы бірнеше азаматтық іс бойынша әділетсіз шешімдер шығарды деген күдікке ілінді. Осы дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесін сәйкес жарияланбайды", - деді Биғайдаров.

Бір қызығы, бізде соңғы кезде ұсталып жатқан шенеуніктердің көбі әкім орынбасарлары мен департамент басшылары. Көбіне құрылыс басқармасының басшылары ұсталып жатады. Бірақ неге тікелей бастықтары ұсталмайды. Әлде Қазақстанда жемқорлықпен орынбасарлар айналыса ма?

Өткенде Атырау облысы әкімінің орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысы да жемқорлықпен ұсталып еді.

Оқи отырыңыз: Таубаевтың «екпіні» Махамбетті әкімдіктен айыра ма?

Байланысты жаналықтар

"Алматыда 250 мың адам жұмыссыз қалды"

30.03.2021

Сараң Безос жерді құтқаруға $10 млрд бөлді

18.02.2020

Тоқаевтың тапсырмаларын орындау амалдарын қарастырды

24.03.2020

Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтады

05.11.2020

www.coronavirus2020.kz сайты ашылды

20.03.2020

"Jas Otan" медицина қызметкерлерін қолдау акциясын бастады (ВИДЕО)

16.07.2020