Астанада отставкадағы генерал-майор ұсталды

Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығының бұрынғы өкілі алаяқтық жасады деп күдіктелуде, деп хабарлайды Malim.kz Антикорға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда заң үстемдігі идеологиясын және жазаның бұлтартпастығын нығайту бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде.
Ал кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау қызметі – азаматтардың әл-ауқатына және ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін басым бағыттардың бірі.
Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы – отставкадағы генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеуде.
Ол адал кәсіпкердің сенімін асыра пайдаланып, жоғары дәрежелі әскерилердің беделін пайдаланып, оның ақшалай қаражатын аса ірі мөлшерде иемденген.
Қылмыс министрліктер мен шетелдік әріптестердің ықпалды өкілдерінің көмегімен Қазақстан аумағындағы әлеуметтік жобаларға инвестициялардан жоғары табыс алу сылтауымен жасалған.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сондай-ақ оның осындай қылмыстық құқық бұзушылықтарға ықтимал қатысы тексеріледі. Тергеу жалғасуда, - деп мәлімдеді Антикор.
Фото: istockphoto.com


Ең көп оқылған
