"Ауыл" саяси партиялардың рөлін талқылады

Malim Админ

  • 21.09.2020

Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қарағанды облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруда қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың рөлі» тақырыбында видеоконференция өтті.

Партия мүшелерінің айтуынша, демократиялық қоғамда жергілікті өзін-өзі басқаруға тек мемлекеттік органдар ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың да толыққанды қатысуын қамтамасыз ету аса маңызды. Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару жүйесіне көптеген міндеттер жүктеледі. Ол – жергілікті бюджетті қалыптастыру, ауыл шаруашығы жерлерін бөлу немесе қайтарып алу, елді мекендерді абаттандыру, жайылымдарды қалыптастыруға атсалысу. Осы маңызды мәселелерді шешуге қоғамдық ұйымдар мен партия өкілдерін қатыстыру өте маңызды. Бұл тұрғыда қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасының заңдық негіздерін жетілдіру мәселелері де өзекті. Видеоконференция барысында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы мен өз құқықтарын жетік білулері туралы мәселелер талқыланды. Әсіресе ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар арқылы жергілікті өзін-өзі басқару үдерісіне атсалысуы мәселесі сарапталып, азаматтардың белсенділігін арттыру бағытында атқарылатын іс-шаралар пысықталды.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қарағанды облысы бойынша филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Серғазы Әдікенов қазіргі таңда азаматтардың, әсіресе ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру өте маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша қазіргі таңда «Ауыл» партиясының аудандар мен ауылдық елді мекендердегі белсенділері қоғамдық кеңестер мен жергілікті ұйымдардың қатарына көптеп тартылуда. Сонымен қатар, ол жергілікті өзін-өзі басқару үдерісіне тиісті деңгейде қатысу үшін «Ауыл» партиясының аудандық бастауыш партия ұйымдарының әлеуеті жеткілікті екендігін және бұл бағытта партия барлық аймақтарда кешенді іс-шаралар атқарып жатқанын жеткізді.

«Конференция жұмысына «Ауыл» партиясының ауылдық аймақтардағы өкілдері мен белсенді мүшелері видео-конференция жүйесінде онлайн режимде қатысты. Офлайн режиміндегі үлгіде қатысушылар арасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды», - делінген ақпаратта.

Дереккөз: inform.kz

Фото: informburo.kz

Байланысты жаналықтар

Жұмыс субсидиясы: «өгізді өлтірмейді, арбаны сындырмайды»

26.07.2020

Ильиннің рекорды бұзылды

29.11.2020

Президент қолдауы: 42 500 ТЖ кезінде бұл да бір көмек

21.04.2020

Әбілшайықов: Кәсіпкерлер жұмыссыз қалмас үшін QR-код жобасын бастаймыз

03.02.2021

Мұқағали ескерткішінің беті бері қарайтын болды

08.09.2021

Елге оралған Елдосқа көлік сыйлады

27.07.2021
MalimBlocks
Жұмыс субсидиясы: «өгізді өлтірмейді, арбаны сындырмайды»

Ильиннің рекорды бұзылды

Президент қолдауы: 42 500 ТЖ кезінде бұл да бір көмек

Әбілшайықов: Кәсіпкерлер жұмыссыз қалмас үшін QR-код жобасын бастаймыз

Мұқағали ескерткішінің беті бері қарайтын болды

Елге оралған Елдосқа көлік сыйлады