Қазақстанда бәрінен де Мәсімовтің орынбасары көп

  • 26.09.2020
  • Бағашар Тұрсынбайұлы

Қазақстанда орынбасарларға бай, лауазымды шенеунік – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім МӘСІМОВ.

Кәрім ҚАЖЫМҚАНҰЛЫНЫҢ сегіз орынбасары бар. Осыдан-ақ Қазақстан үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің маңызы зор екенін аңғаруға болар. Сонымен Мәсімовтың бірінші орынбасары тоқталсақ. Әрине, оның есімі қазақстандықтардың барлығына аян. Ол – экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ туған інісінің ұлы генерал-лейтенант Самат ӘБІШ.

Мәсімов мырзаның қалған орынбасарлары: генерал-майор Дәулет ЕРҒОЖИН, генерал-лейтенант Нұрғали БІЛІСБЕКОВ, генерал-лейтенант Марат ОСИПОВ, генерал-майор Марат КОЛКОБАЕВ, генерал-лейтенант Дархан ДИЛЬМАНОВ, генерал-лейтенант Ғабит БАЙЖАНОВ, генерал-лейтенант Әнуар САДЫҚҰЛОВ. Айтпақшы, ҰҚК-тің аппарат басшысы да бар. Оның жетекшісі генерал-лейтенант Олег БИЖАНОВ. Сонда генерал-лейтенант Мәсімовтың тоғыз генерал орынбасары бар.

Бұндай бақыт Мәсімовтың сыныптасына да бұйыра қоймапты. Асқар МАМИН тұтас мемлекеттің экономикасына, тұрмысына жауап беретін үкімет басшысы болса да оның бар-жоғы үш-ақ орынбасары бар. Асылы үкімет басшысы  мемлекеттік билiктiң негізгі тармағы.  Министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Және солардың жұмысына жауап береді. Қысқасы, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын анықтайды. Бірақ Мәсімовтың топырлаған орынбасарларына қарағанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысы үкіметтен де  көп сияқты.

Тіпті еуразия аумағын алып жатқан, жиырмаға жуық елмен шекарасы бар Ресей Федерациясының Федералды Қауіпсіздік қызметіның басшысы армия генералы Александрт БОРТНИКОВ та орынбасарлар санымен мақтана алмайды. ФСБ директорының айналдырған төрт орынбасары ғана бар екен.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ! 

Фото: media.kpfu.ru 

Байланысты жаналықтар

«Nur Otan» партиясының Теректі аудандық сайлауалды штабы жұмысын бастады

14.12.2020

Қырғызстанда наразылар президенттің кабинетіне басып кірген

06.10.2020

Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

01.03.2021

Сыртқы істер министрлігі "Борат-2" фильміне байланысты мәлімдеме жасады

24.10.2020

Еспаева не дейді, Аймағамбетов не дейді?

09.09.2020

Қордай дауы бойынша сот басталды

03.12.2020