Макс Боқаев ақпанда бостандыққа шығады

Malim Админ

  • 28.09.2020

Атыраудағы жер митингісі үшін сотталған азаматтық белсенді Макс Боқаев бүгін этаппен Ақтөбеден Атыраудағы колонияға жеткізіледі. Ол бостандыққа 2021 жылдың 21 ақпанында шығуы тиіс.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Malim kz сайтына берген сұхбатында өткен аптада өзіне Макс Боқаев хабарласқанын мәлімдеді. "Макс Боқаевты Атыраудағы колонияға ауыстыру туралы шешім тамызда шықты. Бірақ карантинге байланысты этап жұмыс істемеді. Этапты бір жарым ай күтті. Енді бүгін Атырауға жеткізіледі. Жаза мерзімінің соңғы айларын туған жерінде, анасына, туыстарына жақын жерде өтейді", - дейді Б.Төреғожина.

2019 жылы Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру бойынша қабылданған заңға сәйкес, қамау абақтысындағы бір күн бір жарым күнге теңестірілген.

"Тергеу абақтысына қамалған мерзімнен бастап есептесек, Макс Боқаев 2016 жылдың 26 мамырында ұсталды. Оның жаза мерзімін қайта есептесек, ол бостандыққа 21 ақпанда шығады", - дейді Б.Төреғожина.

Құқық қорғаушының айтуынша, М.Боқаев кішкене тұмауратып қалғаны болмаса, денсаулығы жақсы. "Күн қатты суып, тұмауратып қалды. Бірақ оған бола шу көтермеңіз деді. "Қамаудағы алғашқы төрт жыл оңай еді, бесінші жыл ауырға соғып жатыр" деді. Бұған бір жағы карантин себеп. Кездесуге шектеулер қойылды, көпшілік ауырып шықты", - деді Б.Төреғожина.

Макс Боқаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығатын уақыты бір жарым жыл бұрын келген. Алайда Макс Боқаев мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазуға үзілді-кесілді қарсы. "Ол үшін бұл принципиалды мәселе. Өйткені ол өзін кінәсізбін деп есептейді. "Мемлекет заңсыз соттады ма, өздері шығарсын" деді. Макс өзін тек босатып қоймай, ақтауды талап етеді", - деді Б.Төреғожина.

Атырауда 2016 жылы өткен жер митингісінен кейін жергілікті белсенділер – Макс Боқаев пен Талғат Аянға қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Екі белсенді де сотта өздеріне тағылған айыптарды мойындамай, саяси астармен қудаланғандарын ашық мәлімдеген. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Макс Боқаев пен Талғат Аянды ар-ождан тұтқындары деп танып, Қазақстан билігінен оларды босатуды талап еткен.

Талғат Аян  түрме жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыру жөнінде өтініш жазып, 2018 жылдың сәуірінде бостандыққа шықты.

 

Байланысты жаналықтар

Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр

25.04.2024

Атырауда ер адам егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді

25.04.2024

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

23.04.2024

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

18.04.2024

Атырау халқы жаппай көшіп жатыр ма?

11.04.2024

Су тасқыны: Атыраулықтар Жайық жағасын биіктетіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

11.04.2024
MalimBlocks
Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр

Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 425 см.

Атырауда ер адам егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді

Балалар бәрінен қорқып, түсініксіз суреттер сала бастаған...

Жайық өзеніне келіп жатқан су деңгейінің төмендеуі байқалады

Мамандар БҚО-да су тасқынының шарықтау шегі кезінде су деңгейі күрт көтерілмейді деп болжап отыр.

Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп жатыр

Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырау халқы жаппай көшіп жатыр ма?

Көшіп кетіп жатқан адамдардың көптігі сонша, кассаларда билет қалмаған деген жазбалар жүр.

Су тасқыны: Атыраулықтар Жайық жағасын биіктетіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Өзеннің су деңгейі кез келген сәтте көтеріліп кетуі мүмкін.