Атырау халықаралық әуежайын жаңбыр суы басты

Атырау қаласында толассыз жауған нөсер халықаралық әуежайдың төбесінен су ағуына себеп болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Куәгерлердің сөзінше, ғимараттың төбесіндегі панельдер сөгіліп, су ішке еркін аға бастаған. Еденге шелек пен ыдыстар қойылып, төбеден тамшылаған суды жинауға тура келген.
«Күшті жауын Атыраудағы инфрақұрылымның әлсіз тұстарын қайтадан көрсетіп берді. Халықаралық әуежайдың төбесіндегі панельдер құлай бастап, су ішке жайылып кетті», – делінген жергілікті тұрғындар таратқан хабарламада.
Оқиға жолаушылардың алаңдаушылығын тудырып, әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеоларда төбеден су ағып жатқаны анық көрінеді.
Әзірге әуежай әкімшілігі тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.
Фото: Atyrau online

Ең көп оқылған
