Атырауда ер адам үйдің кіреберісінде қызды ұрып-соқты

Атырауда ер адам үйдің кіреберісінде қызды аяусыз ұрып, тепкілеген. Полиция күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Телеграм арналарында тараған ақпаратта оқиғаның Атырауда болғаны жазылған. Тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның бойжеткенге жұдырық жұмсап, бүйірінен соққан. Кейін тепкені видеоға түсіп қалған.
Бірінші қабаттағы пәтерден шыққан әйел араласқан соң ер адам жөніне кеткен.
Аталған оқиға бойынша Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.
Аталған дерек бойынша ұрып-соғу бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Фото: видеодан скрин


Ең көп оқылған
