Теміртаудан жұрт көшіп жатыр

Malim Админ

  • 17.02.2020

Теміртаудың экологиялық жағдайының ушығып тұрғаны барша жұртқа мәлім. Теміртау тұрғындарының айтуынша, қазір қаладан көшіп кетіп жатқандар көп екен. Жылда жүрек,  қан тамыры мен онкологиялық сырқатқа шалдыққандар қатары артқан. Алайда денсаулық сақтау саласы бұл көрсеткішті аса жариялай бермейді. Теміртау төңірегінде жұрттың наразылығы әсер етсе керек, қалада «жасыл кеңес» өткізілді. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК бастаған шенеуніктер, экологтар мен ірі өндіріс алпауыты  "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өкілдері дөңгелек үстел басында бас қосып, экологиялық жағдайды талқылаған болды.

Теміртаулық белсенді журналист  Олег ГУСЕВ бұл өңірдің үнемі ауасы ластанып тұруының кесірінен көп адамның көшіп кеткенін, қызының денсаулығы нашарлай бастағандықтан, Теміртаудан кететінін жоспарлап отырғанын айтты. "Арселор Миттал " компаниясының  әлемнің 18 елінде металлургиялық комбинаттары бар екен. Сол комбинаттардан шығатын зиянды қалдықтардың  40 пайызы Теміртауға тиесілі болса, тағы 40 пайыз лас қалдықты Украинадағы «Кривой Рог» металлургиялық зауыты шығарады. Ал басқа мемлекеттердегі «Арселор Миттал» комбинаттары қоршаған ортаны дәл Теміртаудай ластай қоймайды екен.

«Жасыл кеңес» төрағасының орынбасары Дмитрий КАЛМЫКОВТЫҢ айтуынша, бұл мәліметті «АрселорМиттал» компаниясының өзі таратқан. Ресми зерттеудің қорытындысына сай Теміртау қаласына шығарылатын зиянды қалдықтың 87 пайызы осы «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатынан шығарылады екен. Жылда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қоршаған ортаны ластағаны үшін бірнеше миллиондаған  қаражатты бюджетке төлейді. Былтырғы жылы өндірістік алпауыт компаниясы  алдағы бес жылда зиянды қалдықтарды 30 пайызға азайту үшін билікпен меморандум жасаған. Алайда бұл көрсеткішті аз деп есептеген облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әлі де болса экологияны ластауды азайтудың амалдарын барынша қарастыру қажет деп тапсырды. Дегенмен металлургиялық комбинат басшылығы Теміртауға осыншалықты лас қалдықтарды шығарып отырғанын мойындағысы келмейді .
«АрселорМиттал Теміртау» зиянды қалдықтың елу пайызын шығармайды. Бұл қайдан келген мәлімет соны бірінші нақтылау қажет. Дегенмен біз экологияны ластамаудың шарасын қарастырып жатырмыз», - деп мәлімдеді "Арселор МитталТеміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим БАСИН.

Фотоларды автор ұсынды.

Арайлым Еркебаева

Байланысты жаналықтар

Заңсыз аң аулау тыйылмай тұр

04.02.2020

Бекшин айтқан болжам орындалды

01.06.2021

"Біртанов байыбына бармаған, Цой асыра сілтеп отыр"

13.04.2021

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

29.01.2021

Сыбайлас жемқорлық қашан жойылады?

13.02.2020

COVID-19-ға қарсы тиімділігі дәлелденген бірде-бір дәрі жоқ

05.07.2020
MalimBlocks
Заңсыз аң аулау тыйылмай тұр

Бекшин айтқан болжам орындалды

"Біртанов байыбына бармаған, Цой асыра сілтеп отыр"

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

Сыбайлас жемқорлық қашан жойылады?

COVID-19-ға қарсы тиімділігі дәлелденген бірде-бір дәрі жоқ