Тараз әкімі орынбасарының үстінен іс қозғалды

  • 05.10.2020
  • Malim Админ

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас САДУБАЕВТЫҢ үстінен тәртіптік іс қозғалды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Шенеунік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңындағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді ұстанбаған. Яғни алмау тиіс сыйлықты алып қойған. Нақтылап айтсақ, Садубаев туған күніне жасалған сыйлыққа риза болғаны сондай ол жайлы тіпті, клип те түсіріп жіберген ғой. Ол жайлы malim.kz сайты Тараздық шенеунік алған сыйлығына клип түсірді. Әдеп кеңесі аң-таң (видео) материал жариялаған еді.

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті осыған қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) әлеуметтік желілері мен ақпарат көздеріне мониторинг жүргізу барысында «Инстаграмм» әлеуметтік желісінде туған күніне байланысты жұмыс орнында Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Қ.Садубаевтың қалам (ручка), флеш – карта, қуаттағыш және құттықтау хатынан тұратын сыйлық жиынтығын алу фактісі жарияланған. Осы факті бойынша 2020 жылдың 29 қазанында Департаменттің қызметкерлері Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Қ.Садубаевпен кездесіп, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» заңындағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер нормалары және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық кодексінің 677 бабына сәйкес, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлға не оған теңестiрiлген тұлға заңсыз материалдық сыйақы алған жағдайда алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертіліп, түсініктеме алынды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бабында алынған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады деп көрсетілген, осыған орай 2020 жылдың 29 қыркүйегінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Қ.Садубаев алған сыйлығын Жамбыл облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізді. Бүгінгі күні, сыйлық алу фактісі бойынша теріс қоғамдық сынға ұшыраған Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Қ.Садубаевқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен тиісті тәртіптік іс қозғалды», - делінген хабарламада. 

Байланысты жаналықтар

Nur Otan:САРЫАҒАШТАҒЫ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

29.12.2020

Қажыгелдин биографиясында жетістік жоқ Келімбетов және басқалар туралы

22.09.2020

Саяси тұтқындар жазасын өтеген тағы бір лагерь табылды

31.05.2021

Тоқаевтың жаңа тағайындауы

07.06.2021

"Кешірім сұрамаймын":«Nur Otan» депутаттары мұғалімдерді тепкілеуге көшкен бе?

05.04.2021

Үлкен Мусин кіші Мусиннен кешірім сұрады

18.03.2020