Бизнесті қалпына келтіретін шаралар қолға алынды

Malim Админ

  • 26.09.2020

Пандемия індетінің кесірінен еліміздегі шағын және орта бизнес қатты зардап шекті. Енді экономиканы қалпына келтіру, бизнестің аяқтан тік тұруы үшін бір, бір жарым жыл керек. Сондықтан шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар қолға алынбақ. Олардың бірсыпырасы іске асып қойды да. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Абылай Мырзахметов осы шараларға тоқталды.
Биыл басталған пандемияға байланысты жарияланған локдаун орта және шағын бизнестің табысына үлкен соққы жасады. Дегенмен үкіметтің локдаун кезіндегі кәсіпкерлерді қолдау шаралары кәсіпкерлерге көмектесті.
Естеріңізде болса, былтыр үкімет президент тапсырмасымен шағын кәсіп нысандарын тексеруге 3 жылға мораторий жариялаған болатын. Бұл пандемия кезінде оң әсерін тигізді.

"Бірақ індетке байланысты кәсібі тұралап қалған бизнес өкілдері салық түгілі, жұмысын алып жүре алмайтын қиын ахуалға тап болды. Бизнес өз қызметкерлеріне жалақы төлеуі тиіс, банкке төлейтін несиесі тағы бар. Оған қоса жалға алу, коммуналды төлемді төлеуі керек. Мемлекет ең тиімді қолдау шараларын іске асырды: уақытша жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленді, салық төлеу міндетінен босатты, несие төлеуді кейінге шегерді", - деді А.Мырзахметов.

Осылайша бизнес коммуналдық төлем мен жалға алу құны міндеттесін ғана өз беттерінше өтеуге тиіс болды. А.Мырзахметовтің айтуынша, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы жалға алу құнын реттеу бойынша медиация жүргізді. Дегенмен кейбір сауда-ойын сауық орталықтарының иелері кәсіпкерлерді жалға алу құнын төлеуден өздері босатты. Жалпы, пандемия кезінде дағдарысты еңсеру шараларына 6 триллион теңге бөлінсе, оның 2 триллион теңге тек орта және шағын бизнес нысандарын салықтан босатуға бағытталды. Яғни орта және шағын бизнестен жиналатын салық былайғы кезде республикалық бюджетке түсетін. Бизнес өкілдері салықтан босатылғандықтан, бджеттің бүйірі толмай қалатыны түсінікті еді. Осы себепті бюджеттегі осы кірістің орнын толтыру үшін үкімет 2 триллион теңгені Ұлттық қордан алып, республкаық бюджетке бағыттады.
Қатаң карантин әсіресе қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлерге теріс әсер етті. Дегенмен сегіз айдағы статистика нәтижесіне қарағанда, шағын және орта бизнес нысандарының саны қысқармаған. Дей тұрғанмен А.Мырзахметовтің айтуынша, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы орта және шағын бизнес өкілдерінен жүргізген сауалнама нәтижесіне қарағанда, бизнес өкілдерінің шамамен 30 пайызы штаттарын қысқартатынын мәлімдеген. Бірақ пандемия бизнестің алпыс пайызының табысына үлкен соққы жасағанын ескерсек, штаттық қызметкерлер санын қысқарту заңдылық. Оның үстіне жұмыссыз қалған қызметкерлерді "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жұмысқа тұрғызу мүмкіндігі бар.
А.Мырзахметов бизнестің алдағы уақытта аяқтан тік тұруына жаңа салық кодексі де айтарлықтай көмектесер еді деп есептейді. Қазір үкімет бизнес өкілдерімен кеңесіп, 2022 жылға дейін жаңа салық кодексін әзірлеу бойынша жұмыстар істеп жатыр.
Сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері кәсіпкерлікті реттеудің жаңа стандарттарына өтуді құптайды. 2021 жылдан бастап кей салаларда реттеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл әсіресе, санэпидқадағалау, мал-дәрігерлік, сертификация мен архитектуралық-құрылыс саласында жемқорлықты азайтуға бағытталған.
"Бүгінде бизнесті ашудан бастап жабуға дейін Кеңес Одағынан мұраға қалған бюрократиялық жүйе бойынша реттеп отырмыз. Алайда Балтық елдері, Грузия әлдеқашан бизнесті реттеудің жаңа форматына өтіп кеткен. Біз де кәсіпкерлікті реттеуді цифрландыруымыз керек. Президент те өз жолдауында жалпыға түсінікті, цифрлық негіздегі реттеуді енгізу керектігін а йтты. Келесі жылдан бастап барлық реттеуді жаңадан бастап, бизнестің жұмыс істеуіне оңтайлы мүмкіндік берген жөн. Салық кодексін реттеуіміз керек. Бизнесті реттеудің жаңа саласына өтуді жасауға бір жыл уақыт берілді. ", - деді ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі.

С. Назарова. 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды