457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 7–9 шілде аралығына арналған үш мегаполис бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана:
Алдағы күндері елордада жел күшейіп, өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.

7 шілде: түнде +15…+17 °C, күндіз +25…+27 °C. Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.

8 шілде: жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15 °C, күндіз +23…+25 °C. Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с.

9 шілде: күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай ықтимал. Ауа температурасы түнде +13…+15 °C, күндіз +22…+24 °C.

Алматы:
Оңтүстік астанада күн ыстық әрі көбіне жауын-шашынсыз болады.

7 шілде: түнде +22…+24 °C, күндіз +31…+33 °C. Аспан бұлтты.

8 шілде: күндіз +33…+35 °C дейін ысиды.

9 шілде: түнде +22 °C, күндіз +33…+35 °C. Кейін жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел – оңтүстік-батыстан, екпіні 12 м/с дейін.

Шымкент:
Қалада аптап ыстық пен құрғақ ауа райы сақталады.

7–8 шілде: түнде +19…+24 °C, күндіз +35…+37 °C. Жауын-шашын болмайды.

9 шілде: қатты жел күтіледі – екпіні 20 м/с дейін. Күндіз ауа температурасы +37°C шамасында сақталады.

Синоптиктер аптап ыстық пен жел кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Фото: freepik.com