7 қазанда ауа райы қандай болатыныны белгілі болды

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы - 2025 жылғы 7 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжамға сәйкес, күн күрт суыйды деп күтіледі.
Мәселен Алматы облысында және Жетісу облысында сынап бағаны 1-6 градус болса, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында 1-3 градус суықты көрсетеді.
"Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың солтүстігінде, шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі, оңтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Фото: pexels