Алматыда саяси тұтқындарға байланысты митинг өтеді

Олжас Қасым

  • 13.10.2020

Алматыдағы Шоқан УӘЛИХАНОВ атындағы шағын саябақта 31-ші қазан күні митинг өтеді. Ол жерде елдегі саяси реформалар мен саяси қудалаулар туралы айтылмақ. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Бұл митинг рұқсат етілген. Алайда ұйымдастырушылардың бірі құқық қорғаушы Бақытжан ТӨРЕҒОЖИНА жергілікті билік өкілдері рұқсат етеді деп ойлаған жоқпыз дейді.

«Құқық қоршау ретінде мен саяси ұстанымы үшін қудаланып жатқандардың құқығын қорғаймын ғой. Қазір ондай адамдарды көпшілік біле бермейді. Себебі қарапайым адамдар қудалауға түсіп жатыр. Олардың ешбір саяси ұйымдарға қатысы жоқ. Саяси процесстерге араласпаған. Қазіргі күні сегіз адам уақытша тергеу абақтысында отырса, жетеуі үй қамақта. Соңғы уақытта 184 әкімшілік жауапкершіілкке тартылды. Олардың көбі дулат АҒЕДІЛДІҢ асына, зиратына барғаны үшін қудаланды. Міне осы мәселелерді айтпақпыз», - дейді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина.

Митингіге бес жүзге дейін адам қатыса алады. Бірақ та ұйымдастырушылар адамдар одан аз келеді деп ойлайды.

«Бізде адамдар митингіге шығу керек деп айтады. Бірақ көбі шықпайды. Біздің артымызда партия я болмаса қандайда бір топ жоқ. Әріптесім Ғалым АГЕЛЕОВ екеуіміз ұйымдастырып жатырмыз. Келемін дейтін кез келген адамға қарсылығымыз жоқ. Сөз сөйлеймін деген барлық адамға беріледі. Бізге үш сағат уақыт берілді. Бастысы тақырыптан ауытқымау керек», дейді құқық қорғаушы МӘЛІМ КЗ сайтының тілсіне.

Ұйымдастырушылар митинг өткізу үшін жылу жинап жатқандарын айтады. Мегафон, плакаттар мен медициналық маскілерді беріп жатқандар дейді.

Фото: twitter.com

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.