Әкім мырза, баламды өлтіргендер жазаласын

Malim Админ

  • 20.10.2020

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ бүгін Үржар ауданына арнайы бар. Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде көз жұмған Азамат ОРАЗАЛЫНЫҢ отбасына барып көңіл айтты.

Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫ бұл сапары жайлы facebook-гі парақшасында жазды.

«Осыдан бірер күн бұрын Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде қайтыс болған марқұм Азамат Оразалының анасына, отбасына барып көңіл айттым. Тас түскен жеріне ауыр, сондықтан туған-туыс, бауыр, жора-жолдастарының қайғыларына ортақ екенімізді, бұл жағдай Үкімет басшысының жеке бақылауында екенін жеткізгім келеді», - делінген жазбада.

Марқұмның анасы Гүлнар БӨЛЕКБАЕВА әкімнен жазықтылардың сот алдында жазалануын сұрады. Өңір басшысының сөзінше, ауданда ауданда облыс прокуроры, полиция департаментінің басшысы бастаған арнайы топ тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы заң талабына сай, әділ, ашық және жариялы түрде өтеді.

16 қазан күні Қаратұма ауылының тұрғыны Азамат ОРАЗАЛЫНЫ полицейлер ішкі істер бөліміне алып кетеді. Азаматтан мал ұрлығына қатысты сұрақ-жауап алмақшы болады. Алайда, отыз үш жастағы азамат полиция бөлімінде көз жұмған. Марқұмның туған-туыстары, ауылдастары полиция бөліміне барған. Марқұмнан жауап алған тергеушілерді іздегенімен таппайды.

Бұл жағдайдан кейін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полковнигі Сағат МӘДИЕВТІҢ бұйрығымен Үржар аудандық полиция бөлімі басшысы Мейрамбек ЖАҚЫПЖАНОВ және оның орынбасары Б. Дайрабаев қызметінен кетті. Сондай-ақ тағы жеті полиция қызметкері жұмыстарынан қуылған болатын.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды