Қытайдың Тоқаевқа тарту еткен суперкомпьютері

Malim Админ

  • 19.02.2020

Үкімет Қытайдан Қазақстанға суперкомпьютер алдырту жөніндегі келісімді мақұлдады. Қытай Қазақстанға тарту еткен құны 109,66 миллион юань тұратын суперкомпьютер таяуда елге жеткізілмек.

Қытай Қазақстанға суперкомпьютер сыйлап, оны елге өзі жеткізіп, орнатып бермек. Қытай  Қазақстанға сыйлаған суперкомпьютердің қуаты - 2 петафлопс. Мұндай компьютер қолданбалы физика, математика, химия, сейсмология мен метеорологиядағы есептеулерді жылдам жүргізе алады. Ол әлемдегі ең үздік әрі жылдам 500 суперкомпьютерлердің қатарында. Компьютер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Жібек жолы университеттері альянсының халықаралық IT-технопаркіне берілмек. Енді қазақстандық ғалымдар шетелдік әріптестері тәрізді күрдеулі модельдеу мен есептеулерді әп-сәтте жасап шыға алады. Бұл сөз жоқ, ғылымды ғана емес, отандық IT саласын дамытатын дүние.

Президент Қ.Тоқаев былтыр қыркүйекте Қытайға сапармен барғанда аспанасты елі Қазақстанға суперкомпьютер сыйлаймыз деп уәде берген. Екі елдің арасында суперкомьютер жобасы жөніндегі келісімге сол тұста қол қойылған. Қ.Тоқаевтың Қытайға сапарын жазған мемлекеттік ақпарат құралдары әлемде мұндай теңдессіз суперкомпьютерлер некен-саяқ, бар болғаны алты, оның бірін Қытай Қазақстанға тегін берді деп жарыса жазған. Бірақ технология бойынша әлдеқашан бәсекелеске айналған алпауыт елдер әлдеқашан жүз шақты суперкомпьютер шығарып тастап, онысын пайдаланып жүр. Әлемдегі ең мықты компьютерлердің тізімін жасап шыққан TOP500 systems мәліметіне қарағанда, Қытайда 227 суперкомпьютер бар. АҚШ-та 118 суперкомпьютер бар, аспанасты елімен салыстырғанда саны азырақ болғанымен, жылдамдығы әлдеқайда күшті. АҚШ-тағы ең мықты екі компьютердің қуаты 200 петафлопсқа (секундына 200 квадриллион есептеу) тең. Ал Қытайдағы ең жылдам суперкомпьютердің қуаты - 94 петафлопс. Жапонияның 29, Францияның 18, Германияның 16, Нидерландының 15, Ирландияның 14 және Ұлыбританияның 11 суперкомпьютері бар.

Сурет: hightech.fm 

 

Байланысты жаналықтар

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

16.04.2024

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024
MalimBlocks
Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

«Алдағы 10 күн ең қауіпті болады»: Тоқаев су тасқыны туралы айтты

Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз.

«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

Қор өкілдері қордың қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ екенін атап өтті.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.