Досмұхамбетов Таубаевтың отставкасын қабылдай ма?

Malim Админ

  • 27.10.2020

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ облыс басшысы Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТЕН қызметінен босатуды сұрады. Пара алды деп күдікке іліккен шенеуніктің арызын адвокаты Игорь ВРАНЧЕК Facebook әлеуметтік желісінде жариялады.

«Құрметті облыс тұрғындары. Мен шешім қабылдадым, 22 қазанда Атырау облысы әкімінің атына мені әкімнің бірінші орынбасары лауазымынан босату туралы өтініш бердім. Бұл шешім тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс бойынша менің кінәмді мойындаумен байланысты емес, мен кінәм жоқ екенін дәлелдеуге ниеттімін, өйткені мені айыптайтындай ештеңе жасамадым.Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарына жауапты жұмыс учаскесі жүктелді, мәслихат пен Мәжіліс сайлауы өтеді, осыған байланысты мен әріптестерімнің және Атырау облысы әкімінің атына қандай да бір күдік келтіргім келмейді.Осыған байланысты және тек осы себеппен осындай шешім қабылдадым», - делінген Таубаевтың арызында.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың  10-шы қыркүйегінде Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВ 182 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталған.

44 жастағы шенеунік 2018 жылдан бері Атырау облысты әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

Байланысты жаналықтар

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

11.09.2020

Шалабеков жемқорлықпен ұсталды. Әубәкіров қайтпек?

14.09.2020

Жемқорлықпен күресті күшейтіп жатыр

23.04.2020

Антикор «кішкентай» шенеуніктерді жақсы ұстайды

18.09.2020

Бір жыл өтті. «Олар өздеріне ор қазып жатыр»

22.04.2020

Генерал Мәсімовтың байқауы

15.06.2020
MalimBlocks
Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

Шалабеков жемқорлықпен ұсталды. Әубәкіров қайтпек?

Жемқорлықпен күресті күшейтіп жатыр

Антикор «кішкентай» шенеуніктерді жақсы ұстайды

Бір жыл өтті. «Олар өздеріне ор қазып жатыр»

Генерал Мәсімовтың байқауы