Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

Malim Админ

  • 11.09.2020

Кеше Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ және құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВ пара алды деген күдікпен ұсталған еді.
Олар 182 миллион теңге алды деген күдікке іліккен. Мемлекеттік қызметкерлерді ұстау үшін астанадан арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері барған.
Егер Таубаевтың кінәсі дәлелденсе, Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов қызметінен кете ме?
Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өткен кездесуде бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қызметінен кету керек деп тапсырма берген. Осыған сәйгес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген өзгерістер енгізген болатын.
«Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгенннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті», - деген еді заң өзгерістерін таныстарған кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.
Әзірге бұл заңды аудан әкімдері мен халқы аз қалалардың әкімдері орындап жүр. Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев орынбасары Өркен Тәжібаев жемқорлықпен ұсталған соң, отставкаға кетті.
«Құрманғазы аудандық соты Құрманғазы ауданының бұрынғы орынбасарын кінәлі деп танып, 27 млн теңге айыппұл салып, өмір бақи мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырды. Сот шешімі шыққаннан соң-ақ аудан әкімі Қайрат Нұртаев отставкаға кету туралы арыз жазды» деп жазылған хабарламада.
Тәжібаев қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысып, алаяқтық жасаған. Шенеунік тек қызметін асыра пайдаланып қоймай, көпбалалы отбасылар мен жағдайы жоқ отбасыларға маска алу үшін бөлінген қаражатты жымқырған екен.
«Өркен Тәжібаев туыстарының атынан ашылған ЖШС-ны басқаруға араласқан, балықшылар күніне байланысты құрылтайшылардың 150 мың теңге ақшасын алдап пайдаланып, бір өндіріс орнына 500 мың теңге залал келтірген. Көпбалалы, жағдайы нашар отбасыларға маска алып беремін деп, кәсіпкерлердің 125 мың теңгесін алып, пайдаланып кеткен», - деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.
Сондай-ақ, Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев 27 тамызда Текелі әкімдігі аппаратының жетекшісі Норқұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін (22 тамыз) отставкаға кетуге өтініш жазған болатын.
П.С: Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қызметінен алып тастағаннан кейін оның орынбасары болған Олжас Әбішев бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған еді.
Елжан Біртанов 25 маусымда қызметінен босатылып, орнына Алексей Цой тағайындалды. Ал 2018 жылдан бері Денсаулық сақтау вице-министрі болған Олжас Әбішев 2 тамыз күні ұсталды. Біртановтың да, Цойдың да орынбасары болған Әбішевке сот үкімі шыққанда кім жауапқа тартылады?

Байланысты жаналықтар

Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында республикалық кеңес өткізді

27.03.2025

Тоқаев премьер-министр Бектеновке бірқатар тапсырма берді

18.03.2025

Бектенов тарихи құжаттың бәрін цифрландыруды тапсырды

18.03.2025

«Жетісу» футбол клубының директоры 31,9 млн теңге жымқырған

06.03.2025

ҚҚС: бюджеттің кірісін арттыру ғана емес, шығыстарды да азайтады

03.03.2025

Бюджетке миллиардтаған теңге залал келтірген шенеуніктер ұсталды

03.03.2025
MalimBlocks
Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында республикалық кеңес өткізді

Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді

Тоқаев премьер-министр Бектеновке бірқатар тапсырма берді

Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады

Бектенов тарихи құжаттың бәрін цифрландыруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов тарихи құжаттарды сақтау мақсатында бәрін цифрландыру керегін айтты

«Жетісу» футбол клубының директоры 31,9 млн теңге жымқырған

Ол 7 жылға сотталды

ҚҚС: бюджеттің кірісін арттыру ғана емес, шығыстарды да азайтады

Биыл 2,5 трлн қаражатқа шығындалыппыз

Бюджетке миллиардтаған теңге залал келтірген шенеуніктер ұсталды