Цифрлық шешімдер сыбайлас жемқорлықтың алдын алады

Былтырғы жылы білім саласы бойынша жемқорлыққа қатысты 300-ден астам қылмыстық іс әшкере болғаны мәлім. Биыл да келеңсіз жайттар азаймай тұрғаны белгілі. Осы пробеманы тежеу бағытында цифрлық жүйелер іске қосылып, қолданысқа енгізілмек.
Нақты айтар болсақ, Қаржы министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен тізе қоса отырып, бұлтты бухгалтерия жұмысын қолға алды. Бұл бастама мектептердегі қаржылық операцияларға онлайн режимде есеп, бақылау жүргізетін болады.
Жүйе тиімді жұмыс істесе, күмәнді делінген төлемдер дер кезінде анықталып отырмақ. Бағаның артық көрсетілуі болмайды және банк деректері бұрмаланбайды. Онлайн-тексеріс шеңберінде аударымдарды, қаражаттың дұрыс бөлінуін Қазынашылық органдары салғастыра қарайды. Ал заңға қайшы төлемдер дереу бұғатталмақ. Бұл жайында Сыбайлас жeмқoрлыққa қaрcы ic-қимыл aгенттiгiнiң өкілі болған Данияр Бегайдаров түсіндірген болатын.
Сыбайлас жемқорлықтың терең жайылмауына ықпалы зор тағы бір тың тәсіл – цифрлық теңгеге көшу. Ұлттық банк төрағасы Тимур Мұратұлының айтуынша, мемлекеттің ақшасын басқа мақсаттарға жұмсалып кетпеуіне осы жүйе оң серпін береді.
Ол қаражатқа валюта сатып алуға болмайды, сондай-ақ нарыққа шығаруға жол жоқ. Ол ақшаны шекара асыра алмайсың. Мысалы, Сіз теміржол салсаңыз, сол қаржыға рельс сатып ала аласыз. Өзге мақсатқа қолданудың жөні жоқ. Цифрлық теңге бюджет қаражатын оңды-солды талан-таражға салуға мүмкіндік бермейтінімен құнды, тиімді,- деп мәлімдеді Т.Cүлеймeнoв.
Фото: gov.kz

Ең көп оқылған
