457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алексей Цой Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

2020 жылғы 22 маусымнан бастап ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болған

Ақорда Алексей Цойдың Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалғанын хабарлады.


Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды, - делінген құжатта.

Айта кетейік, Алексей Цой 1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Білімі:

– 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын бітіріп, дәрігер мамандығын алған.

– 2007 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заң факультетін тәмамдап, заңгер мамандығын иеленген.

Еңбек жолы:

– 2001–2007 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық ғылыми медициналық орталығында» хирург-эндоскопист болып жұмыс істеді.

– 2002–2004 жылдары «GlaxoSmithKline» фармацевтикалық компаниясының Астана қаласы бойынша аймақтық даму менеджері қызметін атқарды.

– 2007 жылдан бастап Президент Іс басқармасы жүйесіндегі Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығында жетекші ғылыми қызметкер, кейін директор болды.

– 2010–2011 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болды.

– 2011–2014 жылдары Астана қаласы әкімдігіне қарасты №1 қалалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды.

– 2014–2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.

– 2017–2019 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

– 2019 жылдың ақпанынан бастап — Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы.

– 2020 жылғы 22 маусымнан бастап — ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Фото: Президент Іс басқармасы медицина орталығы