"Билікке ыңғайлы": Қазақстан тележүргізушілеріне бәсекелес пайда болды

  • 20.02.2020
  • Алмас НҮСІП

Бұдан былай елміздегі арналарда видео жаңалықтарды виртуалды жүргізушілер жүргізу бастауы мүмкін. Бұл туралы Malim.kz сайты Atameken Business-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Виртуалды тележүргізушіні ойлап тапқан – Atameken Business арнасы. Өзін i-Sanj деп таныстырған жасанды интеллект кеше алғашқы эфирін жүргізді. Ол қазақ тележүргізушілеріне «арқаны кеңге салуға болмайды» деп ақыл айтты.

i-Sanj есімінің мәні – виртуалды роботтың кейпіне актер Санжар Мәди таңдалыпты.

«Біздің жұмыссыз қалуымыз мүмкін бе?» деген жүргізушінің сұрағын iSanj:

«Қорқыныштарыңыз орынды. Арқаны кеңге салуға болмайды. Біз роботпыз, біз жолымызды енді ғана бастап жатырмыз. Ары қарай не боларын ешкім білмейді», - деп жауап берді.

Алғашқы эфирінде 2 минуттан аса сараптама жасаған цифрлы жүргізуші өзінің алғашқы міндетін ойдағыдай орындап шыққан сияқты.

Өзінің копиясымен қатар эфирге шыққан Санжар Мәдидің түрі бейнесі сақталғанмен, дауысының жасанды екені байқалады.

"Мен Қазақстан телеарналарының заманауи бағытта келе жатқанына қуаныштымын. Қызық, әлдебір телешоудан менен аумайтын аталас бауырым немесе туған бауырымның табылғанын айтып хабарласқан сияқты әсер", - дейді актер.

Расында, «Atameken Business арнасы енді ешқашан бұрынғыдай болмай» ма? ISanj алдағы уақытта өзі уәде бергендей бизнес әлеміндегі жаңалықтармен өзгеден бұрын таныстырып тұра ма? Арна басшылығы бұл виртуалды жүргізушіні жетілдіре түсу, ТВ технологиясының жаңалықтарынан қалмау маңызды екенін айтады. Олардың сөзінше, роботтар ешқашан толық адамды алмастыра алмайды.

Еске сала кетейік, әлемде тұңғыш виртуалды тележүргізуші экранға 2018 жылы Қытайда шыққан. Көрермендер Қытай тележүргізушісі мен жасанды интеллектіні ажырата алмағандарын айтқан сонда. Қазақ көрермендері не дейді?

Желіде кейбіреулер бұл технология бізге әлі ерте десе, енді біреулер осы да жаңалық болып па деген уәж айтуда. Мұндай роботтардың әсіресе билік үшін тиімді екенін айтқандар да бар. «Адам шатасып (!) жағымсыз нәрсе айтып қалуы мүмкін, ал мыналар толықтай бақылауда» дейді олар...

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Денис Тен қазасынан сабақ алған жоқпыз

29.09.2020

Шымкентегі аналар мен балаларға арналған тегін курстар

18.05.2021

Октябрь ауданын Жошы хан деп өзгерту керек

15.02.2020

Әділбек Ниязымбетов лауазымды қызметке тағайындалды

10.03.2021

Аманхан Әлімұлы дүниеден өтті

30.03.2020

Президенттің орысша сөйлеуіне тиым салды

11.10.2020