Есірткі таратушылар тыйылар емес

Malim Админ

  • 13.10.2020

Адамдардың қарым-қатынасы өзгергенімен, зат алмасу үрдісі өзгерген емес. Бұған келгенде тіпті дамып бара жатқанға ұқсаймыз. Соңғы кездері есірткі және психотроптық заттар қол жетімді боп бара жатыр. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар қоғадай жапырылып шығып жатыр. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігі — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.

Есірткіге гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Психотроптық заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және тағы басқалары жатады. Мемлекет тарапынан қаншама есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар қолданылып жатқанмен осындай қылмыстардың санының азаятын түрі көрінбейді. Күні кеше тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі жасаған қарағандылықты қолға түсірді. Ұсталған азаматтың пәтерінен бес келі тыйым салынған зат табылды.

«Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері аспалы дорба көтерген ер адамды ұстады, оның ішінде салмағы шамамен 750 гр ақ түсті кристалды зат салынған целлофан пакеті болған. «Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұсталған адамнан жалпы салмағы 5 келіден асатын есірткі заттарын тауып алып, тәркіледі. Сондай-ақ пәтерде синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин.

Қара нарықта аталмыш есірткі заттарының құны шамамен 76,5 млн теңгеге бағаланады. Ағымдағы жылдың басынан бастап Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 4,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Ал Атырау қаласында 50 жастағы азамат үйінің ішіне жылыжай жасап, құрамында есірткісі бар өсімдік өсіріп келген.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде үйінде есірткі өсірген азаматты анықтаған. «Атырау қаласының 1970 жылғы тұрғыны үйіндегі жатын бөлмесінде желдеткіші, температурасы мен жарығы бар шағын жылыжай жабдықтап, құрамында есірткі бар өсімдік өсірумен айналысқан. Оның үйін тексеру кезінде төрт ыдысқа отырғызылып, өсіп тұрған өсімдіктер табылды. 50 жастағы азаматтың айтуынша, есірткі өсімдіктерін сату үшін емес, өзі қолдану мақсатында өсірген. Азаматтан алынған қан анализі сараптамадан өткізілді. Нарколог-дәрігердің қорытындысымен оның қанының құрамында есірткі бары анықталды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. Қазір аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабымен (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өскемен қаласында, тіпті,  есірткі саудалаған фитнес-жаттықтырушы ұсталған. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында Өскеменде ұзақ уақыт бойы марихуана сатумен айналысып келген фитнес-орталықтардың бірінің жаттықтырушысын қолға түсірді.

Спортпен айналысамыз деп жүріп, адамдарды улайтын қулық қайдан шыққан деп те таңғалуға болмайды. Адамнан айла артылмайды. Ендеше есірткімен күресте де айлаға көшу керек секілді.

Байланысты жаналықтар

Есірткі беріп, зорлап келген: Алматы облысында жәбір көрген 17 жастағы қыздың анасы әділдік іздейді

02.04.2024

Президент: Менің ұсынысым - есірткі өндірісін ең ауыр қылмысқа теңестіру

15.03.2024

Депутат: Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр

13.03.2024

Шымкентте такси жолаушысынан аса ірі көлемде «синтетика» тәркіленді

05.03.2024

Арзан және жылдам жететін есірткі қауіп төндіріп тұр

14.06.2023

Құлсарының экс-әкімі туралы видео жарияланды

20.05.2022
MalimBlocks
Есірткі беріп, зорлап келген: Алматы облысында жәбір көрген 17 жастағы қыздың анасы әділдік іздейді

Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылында бір топ жігіт 11 сынып оқушысын 2 жыл бойы пышақпен қорқытып, есірткі беріп, зорлап келген. Оның анасы әділдікті талап етіп, кінәлілердің жазалануын сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Президент: Менің ұсынысым - есірткі өндірісін ең ауыр қылмысқа теңестіру

Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырды.

Депутат: Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр

Шымкентте такси жолаушысынан аса ірі көлемде «синтетика» тәркіленді

Есірткіні қалааралық такси жолаушысы Алматыдан алып келе жатқан.

Арзан және жылдам жететін есірткі қауіп төндіріп тұр

«Қазір кез келген оқушы есірткіні телеграм канал арқылы сатып ала алады. Және оның жету уақыты қаладағы пицца жеткізуден жылдамырақ».

Құлсарының экс-әкімі туралы видео жарияланды

Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны бөгде адамдардың  сұрауы бойынша алуға келгенін айтады