457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Илон Маск: Мен есірткі қолданбаймын

Илон Маск The New York Times-тағы кетамин мен басқа да есірткілерді жиі қолданды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі  парақшасында жазды.

«Мен кетаминді бірнеше жыл бұрын дәрігердің тағайындауымен қолданып көргенмін. Бұл туралы X желісінде (бұрынғы Twitter) өзім жазғанмын. Сондықтан бұл жаңалық емес. Ол кейде ауыр психологиялық күйден шығуға көмектеседі. Бірақ содан бері оны қолданған жоқпын», – деп жазды Маск әлеуметтік желіде.

Бұған дейін, The New York Times Масктың кетаминмен қатар экстази, психобелсенді заттар қолданғанын мәлімдеген еді.

Фото: Mark Brake / Getty Images