457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

NYT: Илон Маск Трамп командасына қосылғалы бері есірткі қолдануды едәуір арттырған

Миллиардер Илон Маск Дональд Трамптың командасымен ынтымақтастық орнатқалы бері есірткіні көп мөлшерде қолдана бастаған, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

The New York Times мәліметінше, Маск үлкен көлемде кетамин қолданған, сондай-ақ экстази мен Adderall стимуляторын да пайдаланған. SpaceX компаниясында әріптестері оған тексеріс жүргізілетінін алдын ала ескертіп отырған.

2023 жылы The Wall Street Journal Масктың есірткі пайдаланатыны туралы алғаш хабарлаған болатын. Ал 2024 жылдың наурызында Маск өзі кетаминді дәрігер кеңесімен екі аптада бір рет, «аз мөлшерде» қабылдайтынын мәлімдеген еді. Алайда NYT мәліметінше, оның есірткіге тәуелділігі әлдеқайда күрделі деңгейде. Дереккөздердің айтуынша, Маск күн сайын кетамин қабылдап, оны басқа есірткілермен араластырған. 

АҚШ-та кетаминді ресми түрде тек анестезия үшін қолдануға рұқсат етілген. Арнайы лицензиясы бар дәрігерлер оны психикалық дерттерді, мысалы, депрессияны емдеуде қолдана алады. Дегенмен бұл препараттың жанама әсерлері де бар — психоделикалық қасиеттерге ие және шынайылықтан ажырататын галлюцинациялар тудыруы мүмкін. 
Фото: ALI HAIDER / TASS